Қырымға көпір салу

Ресейдің Тамань қаласының тұрғындары салынып жатқан Керчь көпіріне қарап тұр. Көпірдің ұзындығы – 19 километр. Бес мың адам салып жатқан бұл көпірдің құрылысы тәулік бойы тоқтамайды. Құрылыс жұмыстары 2015 жылы мамыр айында басталған.  

Жұмыс орнында жүрген Аркадий Ротенберг (ортада). 65 жастағы құрылысшы магнат миллиардтаған соманың тендерін 2015 жылы ұтып алған. Ротенберг пен Ресей президенті Владимир Путин бала кездерінен дос. Ротенберг мемлекет тапсырыс беретін ірі құрылыстардың тендерлерін ұтып жүріп байыған. 

Бұл сурет шілденің 31-і түсірілген. Онда жұмысшылар көпірді ұстап тұратын темір доғаны жасап жатыр.  

Бұл доғалардың ұзындығы 227-метр және көпір үстіне қос қабаттап салынады. Сол жақтағы конструкция темір жолды ұстап тұрмақ. Екіншісімен төрт қатарлы автожол өтеді.  

Конструкцияларды жел соғып тұрғанда теңіз бетімен апару тәжірибесін шағын макетте сынап көріп отырған инженер. Ресей көпір доғаларын 23 күн бойы (тамыз бен қыркүйекте) орнататынын, бұл уақытта Керчь бұғазынан кеме өткізбейтінін хабарлаған. Украина бұғаздан кеме өткізбеуді халықаралық құқық нормаларын бұзудың Ресей тарапынан жасалатын тағы бір оқиғасы деп біледі.  

Бұл жерге астынан кемелер жүзіп өтетін конструкция орнатылады. Керчь көпірінің жобасын сынайтын мамандар кеме өтетін 35 метрлік өткелді аласа деп санайды, олар дауыл тұрғанда одан кеме өте алмайды деген пікір білдірген. Керчь көпірінің бірнеше жобасы жасалған еді, бірақ соның ішінде 50 метрлік өткелі бар жобаны билік жаратпай тастаған.  

Мамыр айында көпір табанын жарылғыш заттардан тазартатын сүңгуірлер командасы теңіз түбінен Екінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы Curtiss P-40 Warhawk жойғыш ұшағын тауып алды. 1944 жылы совет құрылысшылары Қырым мен Краснодар өлкесін жалғайтын көпір салған еді. Бірақ ол көп тұрмай, мұз қысымынан қирап қалған.  

Мәскеудегі сауда орталығында Керчь көпірінің салыну тарихын көрсетіп жатыр. Кремльдің 2014 жылы Қырымды аннексиялауын халықаралық қауымдастық айыптаған еді. Бірақ Ресейдің өз ішінде бұл патриоттық шалық тудырып, Владимир Путиннің сенім рейтингі 83 пайызға дейін өскен.  

Аэродинамикалық құбыр ішінде тұрған көпір макеті. Керчь бұғазы көпір салуға қолайлы жер емес. Бұғазда суасты вулкандары бар, теңіз табаны да сілкініп тұрады, қыста мұнда мұз көшеді. Кейбір мамандар Керчь көпірі ұзақ тұрмайды деген болжам айтады. 

Фотограф Станислав Забурдаев түсірген сурет. Фото дронмен 2017 жылы шілде айында түсірілген. Ол құрылыс қарқыны қатты екенін айтады. «Былтыр келгенімде көп нәрсесі салынбаған еді, биыл талай дүниені тұрғызып тастапты, шынымен таңғалдым» дейді ол.

Инженер тұрған понтонды толқындар сабалайды. Бұл жобаға мемлекет ақшаны аяп жатқан жоқ. New Yorker газетінің жазуынша, «Ресейде тіпті жаңа автожолдар салу ісі тоқтап қалған», бірақ Керчь көпірінің құрылысы қайнап жатыр.  

Жақында ғана орнатылған орындықта отырған жас жұбайлар. Олардың ар жағынан салынып жатқан көпір көрінеді. Жоспар бойынша, Қырымға тартылған көпір 2018 жылы желтоқсанда ашылуы тиіс.