"Соғыстан шаршаған" ауған жастарының үміті мен күдігі

Марам Атаи, 16 жаста, Ауған ұлттық музыка институтының пианисі:
- "Талибан" оралса, музыка ойнаудан қаламын.

 

Анош Саруари, 23 жаста, кофе сататын дүкеннің жұмысшысы: 
- Тыныштыққа зәруміз. Бейбітшілік болса адамдардың бизнесі жүріп, жайлы өмір сүрер еді.

 

Мохаммед Жавед Моманд, 22 жаста, дәрігер:
- Бейбітшілікке қол жеткізу үшін барлығы қолдарындағы қаруын тастап, білім беру мен елдің дамуын ойлауы тиіс.
 

Махди Захак, 25 жаста, суретші:
- Бейбітшілік орнайды деген үміт бар. Бірақ "Талибан" елде 17 жыл бойы жасалған жұмыстарды қабылдап, адамдарға еркін өмір сүруге мүмкіндік беруі тиіс. 

 

Каусар Шерзад, 17 жаста, боксшы:
- Ауған әйелдері спортта көп жетістікке жетіп жатыр. Осы жетістіктерді "Талибан" қабылдауы тиіс.

Омид Арман, 21 жаста, модель:
- Барлық адам елде бейбітшілік орнағанын қалайды. Көп қақтығысты көрдік. Жетеді, енді басқа қайғыны көргіміз келмейді. 

Заинаб Фарахманд, 22 жаста, фрилансер: 
- "Талибан" демократия құндылықтарын мойындаса ғана оларды қабылдаймыз. 

Сұлтан Қасым Саииди, 18 жаста, сән үлгісін зерттеп жүрген маман:
- Егер "Талибан" келсе сән шоуларымызды өткізе алмай қаламыз. Соғысты аяқтайтын кез келді. Америка әскері елден шықса, бейбітшілік келеді деп ойлаймын.
 

Намид Кураиши, 19 жаста, Кабул тұрғыны:
- Елдегі соғыстың аяқталғанын көргіміз келеді. Келіссөз сәтті аяқталады деп үміттенеміз.

Зархона Наидари, 22 жаста, кітап дүкенінде сатушы:
- Келіссөзден көп үміт күтпеймін. "Талибан" мен үкімет келісімге келеді деп ойламаймын. 
 

Сохаил Атаие, 22 жаста, киім дүкенінің иесі:
- Соғыстан шаршап кеттім. Жақсы өмір сүру үшін бейбітшілікті қалаймыз.

 

Фарзад Аслами, 18 жаста, Кабул тұрғыны:
- Еліміздегі тұрмыстың жақсаруы үшін бейбітшілікті қалаймыз. Біреудің өз-өзін жарғанын және бомбаның жарылғанын көргіміз келмейді. 

 

Хуссеин, 19 жаста, шаштараз:
- "Талибан" бейбітшілік келіссөзіне қосылды. Демек, үмітім бар. "Талибан" саясатын өзгертіп, райынан қайтады деп үміттенемін. 
 

Уасим Ануари, 19 жаста, әнші: 
- Бейбітшілік болмаса өмірдің мәні жоқ.