Хамид Карзайдың биліктегі екі мерзімі

28 жастағы Хамид Карзай (жоғарыда оң жақта) Лилльдегі үш айлық журналистика курсының тыңдаушысы. Франция, 1985 жыл.

Хамид Карзай (жоғарыда, сол жақтан екінші) Лилльдегі журналистика курсы тыңдаушыларымен бірге. 1985 жылы Франциядағы үш айлық курстан оралған соң ол Пәкістандағы Ауғанстан ұлттық азаттық майданында баспасөзбен байланыс қызметінде істеді.

2001 жылы желтоқсанда Германияның Бонн қаласында өткен ауған саяси қайраткерлерінің конференциясында Карзай Ауғанстанның өтпелі әкімшілігінің басшысы болып сайланған Хамид Карзайдың дербес құжатындағы суреті.

Хамид Карзай Кабул маңындағы Баграм әуе базасында АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельдпен (оң жақта) кездесіп отыр. 16 желтоқсан 2001 жыл.

Хамид Карзай (сол жақта) Ұлыбритания генералы Джон Макколл (оң жақта) және БҰҰ-ның арнайы өкілі Лахдар Брахимимен (ортада) шетелдік әскери күшті Ауғанстанда орналастыру туралы келісімге қол қойып отыр. 4 қаңтар 2002 жыл.

Хамид Карзай өзін екі жыл мерзімге Ауғанстан уақытша үкіметінің басшысы етіп сайлаған халық құрылтайы – Лойя Жирга жиынында сөйлеп тұр. Кабул, 19 маусым 2002 жыл.

Талибан билігі құлатылған соң Ауғанстанда алғаш рет 2004 жылы 9 қыркүйекте өткізілген президенттік сайлау нәтижесінде Хамид Карзай бес жыл мерзімге ел президенті болып сайланды.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай (сол жақта) мен АҚШ президенті Джордж Буш Ақ үйдегі баспасөз мәслихаты кезінде. Вашингтон, АҚШ, 26 қыркүйек 2006 жыл.

Солдан оңға қарай: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қытай президенті Ху Цзиньтао, Моңғолия президенті Намбарын Энхбаяр, Ауғанстан президенті Хамид Карзай және Ресей президенті Владимир Путин Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы саммитінде. Бішкек, 15 тамыз 2007 жыл. Ауғанстан мен Моңғолия бұл ұйымға бақылаушы ретінде қатысқан.

Екінші рет бес жыл мерзімге Ауғанстан президенті болып сайланған Хамид Карзай президент сарайында өткен ант беру рәсімінде үлкен Құран кітабын сүйіп тұр. Кабул, 19 қараша 2009 жыл.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы саммитінде. Астана, Қазақстан, 1 желтоқсан 2010 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон (сол жақта) мен Хамид Карзай (оң жақта) бірлескен баспасөз мәслихатын өткізуге келе жатыр. Кабул, 20 қазан 2011 жыл.

Ауғанстандағы кезекті президенттік сайлауға кандидат болып түскен бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулланы қолдайтындар 2014 жылы 8 шілде күні Кабулда сайлаудың екінші кезеңінде дауыс беру басталғанға дейін, президент Хамид Карзайдың үлкен портретін ілулі тұрған орнынан алып жатыр.