Прагадағы «Үмітсіз күту» акциясы

«Борис Немцов» деген жазу ұстаған белсенді Ресейден келген жолаушыларды қарсы алатын жерде тұр. Прага, 2 сәуір 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путинді халықаралық трибунал орналасқан Гаага қаласына «экстрадициялау» туралы «құжат» ұстап тұрған белсенді. Прага, 2 сәуір 2015 жыл.

Ресейде қастандықпен өлтірілген журналист Анна Политковскаяның аты-жөні жазылған тақтайша ұстап тұрған белсенді. Шешенстандағы соғыс кезінде адам құқықтарының бұзылғаны туралы жазған журналисті 2006 жылы қазанның 7-і күні Мәскеу орталығындағы үйіне кіре бергенде атып кеткен. Прага, 2 сәуір 2015 жыл.

Белсендінің қолындағы жазу 2014 жылы шілденің 17-сі күні Украинаның шығысындағы Донецк облысында ресейшіл сепаратистер Малайзияның Boeing 777 жолаушылар ұшағын атып түсіргенін меңзейді. Прага, 2 сәуір 2015 жыл.

Белсенділер ешқандай саяси ұйымға жатпайтындарын, Ресейде жиі болатын саяси астармен кісі өлтіру оқиғаларына Прагаға жолаушылап келген ресейліктердің назарын аудартуды мақсат еткендерін айтады. Прага, 2 сәуір 2015 жыл.