Ақсы оқиғасына 15 жыл толды

2002 жылғы сәуірдің 17-і күні Жалал-Абад облысы Ақсы ауданындағы Боспиек ауылында қырғыз жерінің бүтіндігін қорғау және билікті сынаушыларды қудалауды тоқтату талабымен бейбіт шеруге шыққандарға қарсы милиция қызметкерлері қару қолданып, салдарынан алты адам қаза тапқан еді.

Бүгін Боспиек ауылындағы Ақсы оқиғасы құрбандарын еске алу шарасына марқұмдардың туған-туыстары, жергілікті тұрғындар, құқық қорғаушылар мен билік өкілдері қатысты. Сонымен бірге "Ақсы оқиғасына 15 жыл... Билік сабақ алды ма?" деген тақырыпта жиын ұйымдастырылды. 17 наурыз 2017 жыл

Қырғызстандық құқық қорғаушы Турсунбек Акун Ақсы оқиғасы құрбандарына қойылған ескерткіш алдында тұр

Ақсы оқиғасын еске алу шарасында саяси талаптар да қойылды. Жергілікті билік пен құқық органдары өкілдері қазір үстінен "коррупция" және "алаяқтық" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу кезеңінде абақтыда отырған бұрынғы парламент депутаты, опоозициялық "Ата Мекен" партиясының мүшесі Дүйшөнкул Чотоновты босатуды талап еткен жазуларды алып тастады

Ақсы оқиғасы құрбандарын еске алу шарасына Бішкектен арнайы келген "Сөз еркіндігін қорғау комитеті" өкілдері, парламент депутаттары, 2010 жылғы сәуір төңкерісінен кейін билікте болған Уақытша үкіметтің кейбір мүшелері қатысты

Ақсы оқиғасы құрбандарын еске алу шарасына жиналғандар. Ақсы ауданы, Боспиек ауылы, 17 наурыз 2017 жыл

Қырғызстанда 2010 жылғы сәуірде Бішкекте және маусым айында Ошта болған оқиғалар кезінде қаза тапқан азаматтарға қойылған ескерткіш белгі