Алматыда «KitapFest-2015» өтті

Ауа райының жауынды болғанына қарамастан кітап жәрмеңкесіне келушілер көп болды. Алматы, 5 қыркүйек 2015 жыл.

«KitapFest-2015» кітап жәрмеңкесі. Алматы, 5 қыркүйек 2015 жыл.

Кітап фестивалінде жәрмеңке сағат 18-ге дейін жалғасады деп хабарланғанымен, жауынды күні тұрғындар ерте тарап кетті. Алматы, 5 қыркүйек 2015 жыл.

Кітап фестивалінде Алматыдағы бірқатар баспалар мен кітап дүкендері өздеріндегі кітаптарын саудаға шығарды. 5 қыркүйек 2015 жыл.

Кітап алмасып жатқандар арасында оқушылар, студенттер мен егде жастағылар да бар. Жиналған кітаптар негізінен орыс тілінде шыққан түрлі жанрдағы шығармалар. Қазақша кітаптар тым аз болды.

«KitapFest-2015» кітап жәрмеңкесінде кітап таңдап отырған бойжеткен. Алматы, 5 қыркүйек 2015 жыл.

Бұл кітап жәрмеңкесінің бір ерекшелігі – мұнда тұрғындар өздері оқып болған кітапты ұнаған өзге кітапқа ауыстыра алады.

Жәрмеңкеге келушілер осы жердег арнайы тақтайға өздерінің сүйіп оқитын әдебиеттерін жазды.

Кітап фестиваліне келушілердің өздерінің сүйікті шығармалары мен жазушылары туралы жазғандары.

Кітап фестиваліндегі Абай Құнанбайұлының өлең жинақтары мен ақынға арналған кітаптар.

Тегін кітап алушылар арасында жастар көп болды. Олардың кейбірі бұл шарадан бірнеше кітап құшақтап алып қайтты. Алматы, 5 қыркүйек 2015 жыл.

Кітап жәрмеңкесіндегі балалар әдебиетіне арналған бұрыш. Мұнда сондай-ақ Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасы қорындағы кітаптар да қойылған.

«Кітапфест» фестиваліне келгендерге ұсынылған кітаптар.

«KitapFest-2015» кітап жәрмеңкесінен жинап алынған кітаптар. Алматы, 5 қыркүйек 2015 жыл.

Алматыда осымен екінші рет ұйымдастырылған «KitapFest» кітап жәрмеңкесі қаладағы орталық мәдениет және демалыс саябағында өтті. 5 қыркүйек 2015 жыл.