Тыйымға қарамастан жер митингісіне шыққандар билікке шарт қойды

Your browser doesn’t support HTML5

24 сәуірде Алматыда тыйымға қарамастан жер митингісі өтті. Алаңға келген жұрт "орман өсіру үшін" жерді шетелдіктерге жалға беруге үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Бұл заң жобасы қазір сенаттың қарауында жатыр. Демократиялық партия құру жөніндегі бастамшы топ басшысы Жанболат Мамай бастаған топ "талап орындалмаса, аштық жариялаймыз" деді. Қазақстанның өзге өңірінде митинг белгіленген орындарда күзет күшейіп, кейбір белсендіні полиция үйінен ұстап әкетті.