"Орыс шал, кет!" Алматылықтар Украинаны қалай қолдады?

Украинадағы соғысқа қарсы митинг. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

Алматыда Украинаны қолдау арналған жиынға Владимир Ленин мен Максим Горький де "қатысты"

Жексенбі, 6 наурыз күні Алматыдағы "Сарыарқа" кинотеатрының артындағы скверде жұрт көп болды. Олар Украинаға қолдау білдіріп, Ресейдің әскери агрессиясына қарсылық білдіруге келді. Билік мақұлдаған бұл шараға келгендер саны түрлі есеп бойынша үш мыңна бес мыңға дейінгі аралықта болды. Мұншалық көп адам жиналатынын акция ұйымдастырушыларының өзі күтпегендей көрінді – сахнадан дыбыс зорайтқыштары арқылы сөйлеген белсенділердің үні жиналғандардың жартысына әрең жетті.

Украинадағы соғысқа қарсы митинг. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

Адам көп болып, сөйлеушілердің дауысы дұрыс естілмегендіктен, митинг бір кезде бірнеше топқа бөлініп, әрқайсысында бөлек-бөлек сөйлеп жатты. Көбіне "Украинаға мадақ – батырларға мадақ" және "Путин сотқа тартылсын!" деген ұрандар айтылды. Қазақстан ТМД, ҰҚШҰ және Еуразиялық экономикалық одақтан шықсын дегендер де болды.

– Қазір бастысы Ресейден алшақ болу, – деді митингшілердің бірі маған.

Украинадағы соғысқа қарсы митинг. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

Митинг Қазақстан әнұранымен басталды. Содан кейін бірден Украина гимні ойнады. Адамдар екеуін де хормен айтты.

Украинадағы соғысқа қарсы митинг. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

Украинаны қолдауға арналған сквер көшеден көрінбейтін, тұрғын үй кешендерінің тасасында орналасқан. Кезінде ол жерге совет қайраткерлері Лениннің, Калининнің, Фрунзенің, Фурмановтың және жазушы Максим Горькийдің мүсіндерін апарып қойған. Ескерткіштердің кейбірі митингіге "қатыстырылды". Мысалы, Ленин мүсінінің қолына сары-көк шарларды іліп қойды.

Владимир Ленин ескерткіші. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

Ал Максим Горькийдің кеудесіне "Қазақстан Украинамен бірге" деген жазуды жабыстырып қойды.

Максим Горький ескерткіші. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

Тапқырлық митингшілердің плакатынан да байқалды.

Украинадағы соғысқа қарсы митинг. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

– Дәл қазір Украина бізді, қазақтарды біріктіріп отыр, – деді қатысушылардың бірі маған. Бойшаң келген ер кісі кеудесіне сары-көк түсті лента таққан. – Бәріміз де [Украинаның] тағдырын қайталаудан қорқып, бірікпесек жоғалатынымызды біліп отырмыз. Қазақтар ашаршылық, ұжымдастыру және соғыс дегеннің не екенін біледі және оның қайталанғанын қаламайды. Оған қоса, украиндар мен орыстар – біздің бауырымыз. Кезінде Қазақстанға қаншама украин келді? Өте көп. Біз осы уақыттың бәрінде олармен тату-тәтті өмір сүрдік.

Украинадағы соғысқа қарсы митинг. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

Адамдар тоқтамай келіп жатты. Сахнадан сөйлеушілер бір-бірін алмастырып жатты. Сөйлеушілер митингтің орыстарға емес, Путинге қарсы өтіп жатқанын ескертіп отырды. Жұрт арасында "Орыстың бәрі Путин емес" деген жазуы бар плакат ұстағандар көрінді.

Украинадағы соғысқа қарсы митинг. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

Жақын маңдағы көпқабатты үйлердің тұрғындары митингіні өз пәтерлерінен бақылап, телефонға түсіріп тұрды. Кейбірі жақындаудан қорықпады.

– Бандерашылар мен фашистерсіңдер! – деп айқайлады плакат ұстағандардың жанынан өтіп бара жатқан бір кемпір.

– Нағыз фашист – сіздің Путиніңіз, ал теледидарды көруді азайтыңыз! – деп жауап қатты біреу топтың ішінен. Әлгі кемпір түкіріп, ашулана ұғынықсыз сөздер айтып, кетіп қалды.

Украинадағы соғысқа қарсы митинг. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

Таир есімді жас жігіт митингі айна әкелді. Онда "өзіңнің осы күнгі болмысыңды есте сақтап ал" деген жазу болды.

– Жад – деген құбылмалы нәрсе. Әрбір адам ұстанымына қарамастан осы күнгі болмысын, ұстанымын есте сақтап алса деймін, – дейді Таир. – Бірнеше жыл бұрын мен де Путинді қолдағанмын, бірақ уақыт өте келе көзқарасым өзгерді, оның қателестінін түсіндім.

Украинадағы соғысқа қарсы митинг. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

– Не үшін жиналдыңыздар? Фашистерді қолдау үшін бе? – деді маска тағып, бейсболкасын көзіне дейін басып киген бір ер кісі диалог бастамақ болып.

– Арандатушы түріңнен болайын, – деп жауап қатқан бір әйел оны телефонындағы камерасына түсіре бастады. – Мінекей, суретке түсіріп алдым, енді бәрі сенің осы жерде не айтқаныңды біліп жүреді!

– Біздің бейбіт аспан керек, біз мұнда сол үшін келдік! Путиннің арандатушылары келген екен, назар аудармалық! – деді украин туын ұстаған жас жігіт әлгі әйелді қолдап.

Украинадағы соғысқа қарсы митинг. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

Осы кезде митингіге келгендер қатары едәуір көбейіп кетті. Адамның көп болғаны сонша, шағын скверге сыймай қалды. Көбі сахнадан шалғай тұрып, Украинаның сары-көк туы мен плакаттарды ұстап жүрді. Плакаттардың басты қаһарманы Владимир Путин болды десек қателеспеспіз.

Украинадағы соғысқа қарсы митинг. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

Ең тапқыр ұран ретінде "Орыс шал, кет!" сөзін атауға болар. Бұл сөзді жастар дауыстап айтып тұрды. Бұл – сөз кейінгі жылдардағы үкіметке қарсы жиындарда айтылатын "Шал, кет!" ұранының түрленген нұсқасы. Наразы жұрт мұны Қазақстанның бұрынғы президенті, 81 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевқа қарата айтатын. Ал Владимир Путин биыл 70-ке толады.

Украинадағы соғысқа қарсы митинг. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

Митингшілер Қазақстан үкіметіне де жүгінді. Олар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресейде алшақ кетуді, әйтпесе экспансия қаупі Қазақстанға да төнетінін айтты.

Украинадағы соғысқа қарсы митинг. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

Бір кезде микрофон Liberty қоғамдық қорының жетекшісі, құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуовке тиді:

– Майдандағы жұрт Януковичті қуып жіберді. Сол кезде "Қаһарман жүздік" пайда болды. Украина халқы күресе отырып дамуына, тәуелсіздігіне, еркіндігіне қол жеткізді! – деді Ағелеуов жиналған қауымға. – Сол үшін халық әр қалада өз отаны үшін күресіп жатыр. Сол үшін біз де қаңтарда Қазақстанда не болғанын, адамдардың қаза тапқанын есте сақтап жүруіміз керек. Оларды да, осы соғыста опат болғандарды да ұмытпауымыз керек. Мейлі ол орыс бола ма, украин бола ма. Қаза тапқанның бәрі есте сақтауға лайық. Меніңше, бір минут үнсіздік жарияласақ, артық болмас.

Қатысушылар бір минут үнсіз тұрды.

Украинадағы соғысқа қарсы митинг. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

Полицейлер оқиғаны алыстан бақылап тұрды, бірақ араласпады. Дегенмен митинг ұйымдастырушылары электр энергиясының өшірілгенін, дыбыс зорайтқышы арқылы сөйлеуге мәжбүр болғанын айтты.

Украинадағы соғысқа қарсы митингке қатысқан әйел. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

Митинг түскі 14:00-де аяқталуы тиіс еді, бірақ ұйымдастырушылар шараны тағы бір сағатқа созатынын, бәрі бірдей сөйлеп үлгермегенін айтты. Кейінірек адамдар біртіндеп тарқай бастады.

Украинадағы соғысқа қарсы митинг. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

– Бүгін өз ойымды айттым, алда да айта беремін, – деді митингіге келген әйелдің бірі. – Қазір үнсіз қалмағанымыз өте маңызды. Бүгін бізді украин бауырларымыз, біздің билік естиді деп үміттенеміз. Бейбітшілік болсын.

Украинадағы соғысқа қарсы митинг. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

6 наурызда, Украинадағы соғысты 11-күнінде Путин режиміне қарсы митингтер әлемнің түрлі қалаларында өтті. Акциялар Ресейде де ұйымдастырылды. Бірақ Ресей полиция жиынға келгендерді жосықсыз ұстап әкетіп жатты. 7 наурыз күні Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің үшінші раунды өтеді деп жоспарланып отыр. Әзірге келіссөздің нәтижесі байқалмайды.

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыда Украинаны қолдау митингі өтті