Байқоңырдағы түлкі, қалаға кірген елік пен қасқыр

Тель-Авивтегі саябақта жүрген қорқау қасқыр. Израиль, 15 сәуір 2020 жыл.

Ронда қаласындағы көшеде жүрген тауыс. Испания, 3 сәуір 2020 жыл.

Байқоңыр ғарыш айлағындағы түлкі. Қазақстан, 6 сәуір 2020 жыл.

Алтын қақпа бұғазындағы көпірдің жанында тұрған шиебөрі (койот). Сан-Франциско, АҚШ, 7 сәуір 2020 жыл.

Хайфа көшесін кезіп жүрген қабан. Израиль, 5 сәуір 2020 жыл.

Сантьяго қаласының орталық көшелерінің бірінде жүрген мысықтұқымдас жыртқыш аң - пума. Кейін оны ұстап, түзге қоя берді. 24 наурыз 2020 жыл.

Аделаида қаласында жүрген кенгуру. Австралия, 19 сәуір 2020 жыл.

Уэльстің Лландидно қаласындағы шіркеудің алдына келген ешкі. Ұлыбритания, 31 наурыз 2020 жыл. Желіде тараған бұл суретке әлемнің әр түкпірінде қолданушылар назар аударды. Алайда жергілікті полиция қала көшесінде ешкі жүруі "Лландидно үшін таңсық емесін" айтады.

12 сәуірде Италияның Венециясындағы арналарда жүзіп жүрген медузалар көзге түсті. Суда тұрған әйгілі қаладағы арналарда гондола азайған соң мөлдір суда ерсілі-қарсылы жүзген балықтың небір түрін анық көруге болады.

Адам аяғы сап тыйылған Нью-Йорктегі орталық бақтың қоршауына өрмелеп шығып алған жанат. АҚШ, 16 сәуір 2020 жыл.

Париж көшесіндегі қос үйрек. Франция, 14 сәуір 2020 жыл.

Нью-Йорк саябағында кептер ілген қаршыға тояттап отыр. АҚШ, 25 наурыз 2020 жыл.

Қазан халықаралық әуежайы маңында жатқан жаралы бұғы. Қашан, қалай жараланғаны белгісіз жануарды кейін сауықтыру орталығына жеткізген. Татарстан, Ресей, 7 сәуір 2020 жыл.

Крюгер ұлттық саябағында жол үстінде жатқан арыстандар. Оңтүстік Африка, 15 сәуір 2020 жыл.

Римдегі әйгілі Пьяцца Навона алаңына төселген жұмыр тас арасынан көктеп шыққан шөп. Коронавирусқа байланысты карантин енгізілгеннен кейін әшейінде туристен босамайтын алаңды бірнеше апта бойы адам аяғы баспаған. Италия, 9 сәуір 2020 жыл.
 

Париждің шеткері ауданына кірген қос марал. Франция, 12 сәуір 2020 жыл.

Нью-Дели көшесінде жүрген маймыл. Үндістан, 22 наурыз 2020 жыл.

Хайфада тас жолды кесіп өтіп бара жатқан екі қорқау қасқыр. Израиль, 15 сәуір 2020 жыл.

Әдетте адамнан арылмайтын Мар-дель-Плата айлағындағы жаяулар жүретін жолда күнге қыздырынып жатқан теңіз арыстандары. Аргентина, 16 сәуір 2020 жыл.

Дубайдың шетінде жүрген бөкен (орикс). 21 наурыз 2020 жыл.

Катманду қаласындағы құрылыс салынып жатқан жерде қонақтап отырған кезқұйрық. Непал, 20 сәуір 2020 жыл.

Закопане қаласында көше кезіп жүрген марал. Польша, 16 сәуір 2020 жыл.