«Ақ жолға» жаңа басшы сайланды. Партия Құрылтайға өте ме?
Your browser doesn’t support HTML5
Астанада «Ақ жол» партиясының кезекті съезі өтті. Жиын барысында партия төрағасы Азат Перуашев жетекшіліктен кететінін мәлімдеп, орнына Дания Еспаеваны ұсынды. Ол "жаңа бастамаларға жол беру мақсатында" осы шешімге келгенін мәлімдеді. Партияның делегаттары Еспаеваны қолдап дауыс берді.