Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде президент сайлауы 2029 жылы өтетінін айтты. Дегенмен шұғыл конституциялық реформа мен БҰҰ-дағы бас хатшы сайлау мерзімінің тұспа-тұс келуі қоғамда талқы туғызды. Әйтсе де, бұл сәйкестік болуы мүмкін дейтіндер де бар.
Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлап жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға барып, өңірдің экономикалық әлеуетін сөз етті. Бес күнге жалғасатын мейрам кезінде елде 10 мыңнан астам іс-шара өтеді, ең ауқымдыларын республикалық маңызы бар қалаларда өткізу жоспарланған.
15 наурыз референдумға шығарылатын Конституция жобасында сөз еркіндігіне қатысты бап біраз жаңарды. Оған «қоғамның адамгершілік болмысы» және «қоғамдық тәртіп» ұғымдары енген. Бұл тек Қазақстанға тән өзгерту ме, әлде басқа елдер де осыған ұқсас элементтер бар ма?
Әлеуметтік желіде "конституция" сөзін "консистенция" сияқты сөзбен алмастырып, сыни пікір жазып жатқандар бар. Жаңа Конституция жобасына қарсылық білдірген соң жауапқа тартылғандар көбейген тұста жұрт осы әдіске көшкендей. Бұл жөнінде "Құқықтық медиаорталық" заңгері Гүлмира Біржановамен сөйлестік.
Референдумға шығарылатын Конституция жобасына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясын жасақтау бойынша да президенттің құзыры кеңеймек. Дәл осы өзгеріс билікке не үшін керек болды, комиссияға кімдер өтуі керек және сайлау әділ өтуі үшін не өзгеруі керек? Бұл видеода осы сауалдарға жауап іздедік.
Қазақстанның жаңа Конституция жобасына сәйкес Орталық сайлау комиссиясының төрағасын жеке-дара, ал қалған алты мүшесін Құрылтай келісімімен президент тағайындайды. Президент ұсынған адамдарды Құрылтай екі рет кері қайтарса, президент оны таратуға құқылы. Дәл осы өзгеріс билікке не үшін керек болды?
Қазақстанда сайлау я референдум кезінде қоғамдық сауалнама жүргізу заң жүзінде шектелген. Оны өкімет рұқсатынсыз жүргізу заң бұзуға жатады. Сауалнама жөніндегі маман Жанар Жандосова қоғам көңіл күйін тәуелсіз бағамдауға мүмкіндік қалдырмау билік шешімдеріне деген сенімнің азаюына ықпал етеді дейді.
Қазақстан үкіметі шеттен келген азаматтарға ықтиярхат беру тәртібін өзгертіп, жаңа пилот жобасын іске қосты. Құжат бойынша, бұған қандас мәртебесін беру тәртібі де енеді. Азаматтар соттылығы туралы анықтама әкеліп, қазақ тілі мен тарихын білетінін растауы керек.
Қазақстандағы конституциялық реформаның елеулі жаңалықтарының бірі – вице-президент лауазымы. Бұл адамның түпкі қызметі әлемдік үлгідегі функцияға ұқсайды – президент қандай да бір себеппен қызметінен кетсе, соның орнын баса тұрады.
Қазақстан билігі «сөз бостандығын, жиын еркіндігін қатаң шектеп отыр» деп баға берді халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы. Есепте ұйым қандай дәйектерге сүйенді, Қазақстан билігі кейінгі бір жыл ішінде сын-пікірлерді ескеріп, диалог орнатты ма? HRW өкілімен сұхбаттастық.
Оңтүстік Кореяның кейінгі алты президентінің төртеуі сотты болды. Елді 2022-25 жылдары басқарған Юн Сок Ёль әскери төтенше жағдай жариялағаны үшін қызметінен қуылып, кейін 5 жылға сотталды. Қазақстанда президент институтына талап қандай? Қазақстанның Сеулдегі бұрынғы елшісі Дулат Бақышевпен сұхбат.
Оңтүстік Кореяның кейінгі алты президентінің төртеуі сотты болды. Қазақстанда президент институтына талап қандай? Қазақстанның Сеулдегі бұрынғы елшісі, Хангук университетінің профессоры Дулат Бақышевпен cұхбат.
Қарағандының Саран қаласындағы индустриялық аймақта орналасқан QazTehna зауыты мемлекеттен бірқатар жеңілдік алады. Жылына 1500 көлік құрастыратын зауыт көлік бөлшектерін толық Қытайдан импорттайды. Сонымен бұл автобустар қазақстандық өнім деуге келе ме?
Қарағандының Саран қаласындағы индустриялық аймақта орналасқан QazTehna зауыты мемлекеттен бірқатар жеңілдіктер алады. Есесіне елде өндіріс көлемін арттыру міндетін арқалаған. Десе де жылына 1500 көлік құрастыратын зауыт авто бөлшектерін толық Қытайдан импорттайды.
Конституцияны реформалау жөніндегі жаңа комиссия бір жұмаға жетпей үш рет жиын өткізді. Митинг өткізу тәртібі, неке институты, адам құқықтары, саяси партиялар мен кәсіподақтар, вице-президент өкілеті және өзге де мәселелер жайлы ұсыныстар айтылды. Әлеуметтанушы Серік Бейсембаевпен сұхбат құрдық.
Тағы