Ақмола облысындағы Бестөбе кеніші шахтасында екі адам мерт болған

Ақмола облысындағы Бестөбе кенішіндегі шахтада опырылып түскен тау жынысы басып қалған 38 және 21 жастағы екі ер адам мерт болған. Бұл хабарды Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп ҚазТАГ агенттігі таратты.

Полиция Қылмыстық кодекстің 269-1-бабының 3-бөлігі (Қорғалатын нысанға заңсыз кіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Halyqstan telegram-арнасы қайғылы оқиға 19 мамырда болған, шахтаға заңсыз кірген екі адамды тереңде тас басып қалған деп жазды. Құтқарушылар оларға шамамен бір жарым шақырым жүріп жетіп, жер бетіне алып шыққан, бірақ екеуінен де тіршілік белгісі байқалмаған.

Бұл екі азамат Солтүстік Қазақстан облысынан келген болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр.

Бұған дейін былтыр наурызда Бестөбе кенішінде тау-кен жынысы опырылып кетіп, бір жұмысшы қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Бестөбе кенішінде бір жұмысшы қаза болды

"Бестөбе" кеніші – Қазақстандағы алтын өндіру бойынша үздік үштік қатарына кіретін "Алтыналмас" компаниясына еншілес "Қазақалтынға" тиесілі. 2021 жылғы шілдеде кеніш жұмысын тоқтатып, мыңнан астам адам жұмыссыз қалған. 2022 жылы көктемде "Алтыналмас" басшылығы Бестөбедегі шахталар мен зауыттардың жұмысын тоқтатудан басқа амал қалмағанын мәлімдеген. Компания өкілдері енді екі жолдың бірін таңдауға - не шахталарды ұзақ уақытқа консервацияға қоюға, болмаса жаңа карьер салып, ауылдың бір бөлігін сонда көшіруге тура келеді деген.

Осы аптада Forbes.kz басылымында жарияланған сұхбатында елдегі бай кәсіпкерлер қатарына енген Шахмұрат Мүтәліп "Алтыналмас" акционерлік қоғамын сатып алу жөнінде келісім жасалып, қазір қаржыландыру кезеңіне жеткенін айтқан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Бес күннен бері наразылық білдіріп тұрған Бестөбе кеншілері әкімнің сөзіне көнбедіАқмола облысы: Бестөбеде халық мәдениет үйіне жиналып, кеніш мәселесін шешуді талап еттіБестөбеде шахтерлер наразылықты тоқтатты. Билік пен жұмыс беруші талаптардың біраз бөлігін орындауға уәде етті"Әлеуметтік шиеленіс өршіп тұр". Алтын өндіруші кәсіпорынның қызметі тоқтап, жүздеген адам жұмыссыз қалды"Алтыналмастың" Бестөбеден кетуі және ауылдың бұлыңғыр болашағы. Артында саясат бар ма?