АҚШ пен Иран бір-біріне шабуыл жасауды доғарып, бұған дейін қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілгендей, келіссөздерді жалғастыруға келісті, деп жазды Axios өз дереккөздеріне сүйеніп.
Басылым сөйлескен адамдардың айтуынша, тараптар Ормуз бұғазына байланысты дауды шешу үшін сейсенбі күні Қатар астанасы Дохада кездесуді жоспарлап отыр. Екі тарап әзірге шабуылдарды тоқтатады және Ормуз арқылы кемелер еркін жүзе алады, деген басылымға АҚШ шенеунігі.
Әуелгі келісім бойынша, келіссөз Швейцарияда өтуі тиіс еді, онда олар Иранның ядролық бағдарламасын талқылайды деп жоспарланған. Алайда, содан кейін екі тарап арасында қайтадан қарулы қақтығыс болғаннан кейін кездесу орны өзгерген және ол Ормуз бұғазы тақырыбына арналмақ.
Axios әскери қақтығыстардың қайта басталуына меморандумның, әсіресе Ормуз бұғазына қатысты шарттарының қарама-қайшы түсіндірмелері себеп болған деп жазды. Иран бұғаз арқылы өтетін кемелер өз бағытын Тегеранмен келісетін болсын деген талап қойып отыр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Иран мен АҚШ бір-біріне соққы жасадыЕкі тарап та бір-бірін өткен аптада атысты тоқтату шартын бұзды деп айыптады. 25 маусымда Ормуз бұғазында Сингапур туын іліп алған Ever Lovely жүк кемесіне жасалған шабуыл жағдайдың ушығуына түрткі болды. Тегеран өз әрекетін бұл кеме рұқсат етілмеген транзит бағытын пайдаланды деп түсіндірді. Осыдан кейін АҚШ пен Иран бір-бірін екі рет шабуылдады.
- 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің бірлескен әуе шабуылдарынан кейін Иран Ормуз бұғазын жауып тастады, ал АҚШ Иранға әскери-теңіз блокадасын жариялады. Маусым айының ортасында қол қойылған меморандум шарты бойынша, түпкілікті бейбітшілік келісім жайлы келіссөздер жүріп жатқан шақта Ормуз бұғазы кем дегенде 60 күн бойы ашық болуы тиіс. Әрі қарай не болатынын екі жақ әлі келіскен жоқ. Ормуз бұғазы Парсы шығанағы елдерінде өндірілген мұнайдың көп бөлігін әлемдік нарыққа жеткізетін транзит жолы ретінде стратегиялық маңызға ие.