"Ақ жолдың" партиялық тізіміне 63 адам енді

"Ақ жол" партиясының съезі. Астана, 13 маусым 2026 жыл.

5 шілдеде Астанада “Ақ жол” партиясының съезі өтті. Партия сайлауалды бағдарламасы мен құрылтай сайлауына қатысатын партиялық тізімді бекітті деп хабарлады саяси ұйымның баспасөз қызметі.

Партиялық тізімге 63 адам кірді: 53 ер адам, 10 әйел. Үміткерлердің ең жасы – 27-де, ең егдесі – 65-те. Тізімде мәжілістің 11 экс-депутаты бар.

Тізім партияның ресми сайтында жарияланды.

Қазақстанда құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді. Оған тек партиялық тізіммен ғана қатысуға болады.

Бір күн бұрын Respublica партиясы партиялық тізімін бекіткен. Оған 76 адам енді.

Орталық сайлау комиссия сайлауға тіркелген 7 партия қатысатынын мәлімдеген. Алдағы күндері қалған партиялар да тізімдерін жасақтамақ. Ақпаратқа қарағанда, "Ауыл" – 6 шілдеде, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 8 шілдеде, "Байтақ" – 9 шілдеде, "Әділет" 10 шілдеде сайлауалды съездерін өткізбек.

Құрылтай сайлауы елде билікке шынайы бәсекелес күштер парияларын тіркете алмай отырған шақта, белсенділерді қудалау күшейіп, саяси тұтқындардың саны көбейген тұста өтейін деп отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Жеті партияның бір-бірінен айырмашылығы жоқ". Жаңа Конституция мен Құрылтай сайлауы жайлы сұхбат