Армян диаспорасы портреті

Египеттің Александрия қаласындағы Богосян мектебі оқушылары армян әліпбиін оқып жатыр. Бір армян Скаут Туфанкджянға «Меніңше, армяндар басқа елдерде диаспора ретінде өмір сүруге толық бейімделіп кетеді. Олардың үйлері, жұмыстары, тұрақты табыстары бар. Бірақ олар атамекендерін аңсайды» дейді.
 

 

Гонконгтегі Цим Ша Цуй ауданы саябағындағы жүзу сабағы. Қытай мен Гонконгте 500-дей этникалық армян тұрады.  
 

Уругвайда Оңтүстік Америкадағы ең көне армян диаспорасы тұрады. Олардың саны - 19 мың адам. Фотографияда Монтевидео астанасындағы Армян шіркеуінің оқу орны.  
 

Туфанкджян "армяндар қай елде тұрмасын, оларды ортақ мәдениет байланыстырып тұрады" дейді. Суретте Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы Сурб Геворк шіркеуіне келген армян қызы.  

АҚШ Калифорния штаты Батыс Голливудтағы «шағын Армения». Мұнда әлемдегі ірі армян диаспорасының бірі қоныстанған. Бір қарт армян Туфанкджянға «Маған алыстағы елімнен гөрі, осындағы бауырларым қымбат» деген.  
 

Туфанкджян кітабының атауын АҚШ жазушысы Уильям Сароянның ойларынан алған. Ол «Кіші Азияда шағын ел бар. Аты - Армения. Бірақ ол Армения емес... Мұнда армяндар ғана бар, олар осы жерді мекендейді. Мырзалар, сол сияқты АҚШ-та, Англия да, Франция да, Италия да жоқ. Жер ғана бар» деп жазған. Фотографияда - Үндістанның Калькутта қаласындағы армян клубы.  
 

Сирия. Алеппо. Перзентхана бөлмесі. Мұндағы армян қауымы төрт жылға созылған азамат соғысы кесірінен жойылып кетті. Ондаған мың армян Арменияға, Ливанға, Таулы Қарабаққа қашты.  
 

Бейрут. Армяндардың дәстүрлі «Дашнакцутюн» саяси партиясы пәтерінде ерлер ойнап отыр. Ливанда қазір 150 мыңдай армян тұрады. Олар ықпалды азшылық саналады. Ливанда тұратын армян «Мен жолы болмаған бір үлкен отбасының мүшесі сияқтымын. Қиналған кезде олар жанымнан табылады» дейді. 
 

Ресей. Мәскеу. Армяндар одағы (спорт клубы). Шетте туған армяндардың көбі өздері тұратын елдің тілінде сөйлейді.  Туфанкджян «Мәскеуде армян тілі курстарына келетін адам көп, өйткені олар бала кезінен армян тілін білмей өседі» дейді.  
 

Канада. Торонто. Summerfest биі. Армян қауымы мұндай меркелерді жыл сайын ұйымдастырады. Туфанкджянға жергілікті тұрғын «Торонто – әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдар тұратын қала. Бала кезімнен армян екенімді біліп өстім» дейді. 
 

Армениядағы армяндар. Туфанкджян оларды да әлемдегі армян диаспорасы мүшесі деп санайды. Суретте Бірінші Республика күніне киініп келген армян қыздары.  

 

Туфанкджян Таулы Қарабаққа да барған. Бұл аймақ негізінен армяндар мекендегенімен, Әзербайжан құрамына кіреді. Суретте Сириядан қашып келген армян босқыны Ковсакан ауылында суға түсіп жатыр.

 

Австралия. Сидней. Галстян колледжінің студенті. Мұнда сабақ армян және ағылшын тілдерінде өтеді.  
 

Түркияның оңтүстігіндегі Гоксун өзені және Саимбейли ауылы. Бұрын Хаджин деп аталған бұл ауылда 1915 жылға дейін 26 мың 480 армян тұрған. Қазір мұнда төрт мыңға жуық халық тұрады. Көбі - түріктер. 
 

Париж. Жүзім жапырақтарына оралған дәстүрлі долма тағамы.  

Эфиопия. Аддис-Абебе қаласындағы армян кілемдері дүкені. Эфиопия астанасында бірнеше армян отбасы тұрады. Бір армян «Төрт жыл бұрын Эфиопияға босып келген едік. Мұнда келіп, өмірімізді жақсарттық. Эфиопия мәдениетін де жатсынбадық. Мен бұл елге күн сайын алғысымды айтып отырамын» дейді.
 

Армениядағы кедей отбасы. Тұрмысы төмен тұрғындар әлемдегі армян диаспорасының «Армения балалары» сияқты қорларынан көмек алып тұрады.
 

Сирия. Дамаск. Сурб Саркис армян шіркеуіндегі құлшылық. Шіркеу - армяндардың тұрақты түрде бас қосатын орны. 
 

Нью-Йорк. Армян гейлері мен лесбийлері қауымдастығы жыныстық азшылық шеруіне қатысып жатыр. 

 

Сириядан Таулы Қарабаққа келген босқындар. Туфанкджянға армяндардың бірі "қайда жүрсем де сыйып кетемін" десе, енді бірі "оқшауланып қалатынын" айтқан.  АҚШ-қа Бакуден көшіп келген армян «Мен әлі жерсінбей жүрмін. Арменияда да бөтен сияқты болып едім. Қайда барсам өзімді еркін сезінетінімді білмеймін» дейді.
 

Еревандағы опера және балет театры артистері. Театр 1930 жылы ашылған. 
 

Әлемдегі армян диаспорасын аралаған Туфанкджянның соңғы барған жері - Ливандағы Анжар ауылы. Мұнда армян дәстүрлері толық сақталған. Суретте тұрғындар түнде билеп, дастарханға отыратын Киелі Крест мерекесі.