Ислам Каримовтің "қаһарман бейнесі"

Экспозиция Каримовтің қайтыс болғанға дейін тұрған және жұмыс істеген "Оксарой" (Ақсарай - өзб.) сарайында ақпан айында ашылған. 

Көрмеге келушілер. Музей қызметкері Азаттыққа көрмеге қойылған картиналардың көбі сарайда бұрыннан ілініп тұрғанын, кейбірі ғана экспозиция үшін арнайы тапсырыспен жасалғанын айтты.

Каримовтың жас кезіндегі "Студент жылдардан естелік" атты портреті галереяға кіреберісте ілініп тұр. Каримов - Самарқанның тумасы. Мансап жолын бастар алдында Ташкентте экономист мамандығын оқыған. 

Импрессионизм стиліндегі портрет. Бұрынғы советтік аппарат қызметкері, кейін мемлекетті 25 жыл билеген Каримов Өзбекстанда бір рет те демократиялық сайлау өткізбеді. Азаптау әдістерін қолданды деп айыпталған полицейлік мемлекет құрды. 

2005 жылы салынған картинада Каримовтің ауыл ақсақалдарымен бірге дұға жасап тұрған сәті бейнеленген. Бұрынғы президент Өзбекстандағы радикал исламшылдарды қатаң түрде бақылап отырған.

Каримов жолбарыстармен және "тотемдерімен" бірге құзғындарға қарсы тұрған полотно. Гидтің сөзінше, бұл құзғындар "исламшыл терроризмді" бейнелейді. 

1993 жылғы картина. Суретте Каримов бір қызды көтеріп тұр және артқы фонда отшашу бейнеленген. Каримовтің билігі кезіндегі ең үлкен қантөгіс үкіметке қарсы толқуды қарулы әскермен басып, жүздеген адам өлтірген Әндіжан оқиғасы еді.

"Көзқарас" картинасы 2017 жылы салынған. Фонда Самарқандағы Регистан комплексінің әйгілі мозайкасы. 

Келуші жастар Каримов портретімен селфи жасап тұр. 

Каримовтің БҰҰ мінберінде сөйлеп тұрған кезі. Майлы бояу. Полотно "Жер жүзін құшақтаған жүрек" деп аталады.

2017 жылғы картина фрагменті. Автор Өзбекстанның болашағын осылай елестетеді. 

Өзбекстан тұңғыш президентінің мүсіндері мен қола бюстері. Музей қызметкерлері экспонаттарды ағылшын, орыс және өзбек тілдерінде таныстырады. 

Каримовтің бозбала кезіндегі портреті

Арал апаты (төменде, сол жақта). Каримовтің БҰҰ жиынына қатысу құрметіне арналған кенеп полотно. 

Көрме залындағы қола мүсін. Жоспар бойынша "Оксаройдағы" Каримовтің кабинеті мен жатын бөлмесі қазан айында музейдің негізгі залы ретінде ашылуы керек. Бірақ қазір музейдің болашағы бұлыңғыр.

Самарқан сауда дүңгіршектеріндегі Каримов бейнесі бар әшекей табақтар. Бұл сурет 4 тамызда түсірілген соң табақтар саудасын тоқтату үшін билік арнайы рейд жасаған. Осы уақытта мемлекеттік телеарналарға да эфирде бұрынғы президенттің атын атамау туралы бұйрық берілгені айтылды.