Белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян екі айға қамалды

Белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды сотқа полиция көлігімен жеткізді. Атырау, 3 маусым, 2016 жыл.

Полиция қызметкерлері қамаудағы белсенділерге ешкімді жолатпады.

Азаматтық белсенді Макс Боқаев сот залында. Атырау, 3 маусым 2016 жыл.

Азаматтық белсенді Талғат Аянды сот залына әкелді. Атырау, 3 маусым 2016 жыл. 

Азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның туыстары мен жақтастары сот залында. Атырау, 3 маусым 2016 жыл. 

Азаматтық белсенді Макс Боқаев сот залында. Атырау, 3 маусым 2016 жыл. 

Азаматтық белсенді Талғат Аян сот залында. Атырау, 3 маусым 2016 жыл. 

Белсенді Марс Боқаевтың әпкесі Ақмарал Боқаева сот процесінде туысының қорғаушысы болуға рұқсат алды. Макс Боқаевпен туыстары он бес күннен соң алғаш рет сот залында көрісті. Атырау, 3 маусым 2016 жыл.

Азаматтық белсенділер ісі бойынша сотқа қатысқан прокуратура өкілі Марат Хабибуллин "Макс Боқаев пен Талғат Аян билікті құлатуға ұмтылып, аса ауыр қылмыс жасағандықтан, оларға бұлтартпау шарасы қолдануды сұраймыз" деген ҰҚК департаменті тергеушісінің өтінішін прокуратура қолдайтынын айтты.

Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісін қараған Атырау қалалық 2-соты судьясы Гүлжихан Мутиева белсенділерді екі ай абақтыда қамауда ұстауға шешім шығарып, оларды үйқамаққа ауыстыруды сұраған адвокаттың өтінішін қанағаттандырмады. 3 маусым 2016 жыл.

Полиция өкілдері азаматтық белсенді Макс Боқаевты сот залынан әкетіп барады. Атырау, 3 маусым 2016 жыл.

Полиция қызметкерлері азаматтық белсенді Талғат Аянды (ортада) сот залынан шығарып барады.