Axios: Мәскеудегі келіссөзге АҚШ қаржы министрлігінің өкілі де қатысты

АҚШ президентінің арнайы уәкілдері мен Ресей билігі арасындағы келіссөз. Мәскеу. 5 қыркүйек 2026 жыл.

Мәскеуде АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы уәкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер қатысқан келіссөзге АҚШ қаржы министрлігіндегі санкция саясатына жетекшілік ететін Джин Ланг та қатысқан. Бұл жөнінде Axios басылымы жазды.

Басылымның жазуынша, Ланг Ресей президентінің арнайы уәкілдерімен кездесуге қатысқан, алайда Владимир Путинмен кездесуде болмаған.

Лангтың қатысуы келіссөз кезінде АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциясы да талқылағанын айғақтайды деп жазды басылым. Өткен аптада АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Ресей Украинадағы соғысты тоқтатпайынша Вашингтон Мәскеуге қарсы санкциясын жұмсартпайды деп мәлімдеген.

Ақ үйдің өкілдері Axios басылымына Мәскеудегі кездесуге "АҚШ мемлекеттік департаменті, қаржы министрлігі, ұлттық қауіпсіздік кеңесінің лауазымды тұлғалары" қатысқанын айтқан.

"Тараптар алдағы апталарда жарияланатын алдағы іс-қимыл жоспарын талқылады және ертең Украинада өтетін кездесу де осылайша өнімді өтеді деп үміттенеді" деді дереккөз.

5 қырүйекте Мәскеуде Ресей басшысы Владимир Путин мен Дональд Трамптың арнайы уәкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер келіссөз жүргізген. Кремльдің хабарлауынша, шамамен үш сағатқа созылған кездесу "конструктивті әрі өте ашық" өткен. Уиткофф пен Кушнер келіссөзден кейін бірден әуежайға кеткен. Келіссөз туралы ешқандай мәлімдеме жасамады. Уиткофф пен Кушнер бүгін, 6 қыркүйекте Киевте Украина басшысы Владимир Зеленскиймен келіссөз өткізеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Путин мен америкалық уәкілдер арасындағы келіссөз қалай өтті?