Ақтоғайдағы Жидебай асы

Әр тараптан келген жұрт алдымен Жидебай батырдың кесенесіне барып, құран бағыштады. 17 тамыз 2013 жыл.

Нұра өзені арқылы Жидебай батыр кесенесіне апаратын аспалы көпір. 17 тамыз 2013 жыл.

Жидебай батыр кесенесінің шырақшысы Зәмірбек Әубәкірұлы батырдың шытпен оралған қабірі жанында тұр. 17 тамыз 2013 жыл.

Жидебай батыр кесенесіне келгендер.

Жергілікті халық арасында «Жидебай батырдың аруағы түлкіге қонды. Сапарда түлкі кездессе, бабаның аруағы қолдап отыр» деген де сенім бар. Батырдың кесенесінің жанындағы құдық суын да жұрт шипалы санайды. 17 тамыз 2013 жыл.

Жидебай батырдың асына 70 киіз үй тігілді. 17 тамыз 2013 жыл.

Алғашқы күні өткен айтысқа шақырылған ақындар Балғынбек Имашев (сол жақта) пен Мұхтар Ниязов. 17 тамыз 2013 жыл.

Айтысты тамашалап отырған жұрт.

Күннен қалқалайтын қалпақ сатып жүрген адам.

Киіз үйлердің біріндегі шам.

«Тоқырауын толқындары» ансамблі.

Астың екінші күні қазақша күрестен басталды. 18 тамыз 2013 жыл.

Кешке дейін созылған балуандар сайысында жарақат алғандар да болды.

Кілем маңынан орын тимеген кейбір жұрт көліктерінің төбесіне шығып, күресті қызықтады.

Күрес біткен соң кешке таман бәйге басталды. Бәйгеге қырық ат қатысты.

25 шақырымдық аламан бәйгенің бас жүлдесіне жеңіл автокөлік тігілді.


Аламан бәйгені тамашалап отырған жұрт.

Асқа жұрт мініп келген көліктердің бірі. 18 тамыз 2013 жыл.