Мәжілісті таратудың мәнісі не?

ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай (оң жақта) мен хабарды жүргізуші Қасым Аманжол AzattyqLIVE студиясында. Алматы, 13 қаңтар 2016 жыл.

AzattyqLIVE парламент мәжілісінің өздерін тарату туралы ұсынысын ЖСДП төрағасы, бұрынғы мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбаймен талқылады.

Қаңтардың 13-і күні Астанада Қазақстан парламенті мәжілісі депутаттары президент Нұрсұлтан Назарбаевтан «тарихи миссиясын орындаған» мәжілісті таратып, елде жаңадан парламент сайлауын тағайындауды сұрап үндеу жасады. Сонымен бірге депутаттар жаңа парламент сайлауын жергілікті мәслихаттар сайлауымен бірге өткізуді ұсынған.

2012 жылы қаңтарда сайланған бесінші шақырылымдағы Қазақстан парламенті мәжілісінің мұндай шешім қабылдауына не себеп?

AzattyqLIVE хабарында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы жетекшісі, 1999-2004 жылдары аралығында парламент мәжілісі төрағасы болған Жармахан Тұяқбай мәжілістің бүгінгі бастамасын талқылады.

Your browser doesn’t support HTML5

AzattyqLIVE: Мәжілісті таратудың мәнісі не?