Армения мен Әзербайжан Қарабақ қақтығысын еске алды

Бакуде мыңдаған солдат қолдарына 2020 жылғы қақтығыста қаза болған сарбаздар мен қарапайым азаматтардың суреттері ұстап, маршқа шықты. Былтыр 27 қыркүйекте басталған қақтығыс алты аптаға созылып, екі жақтан 6600-ден аса адам мерт болды. Қақтығыстан соң Әзербайжан Таулы Қарабақтың біраз бөлігіне бақылау орнатты. 

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Еревандағы Ераблур әскери зиратындағы ескерткіштің алдында тізе бүгіп отыр. 27 қыркүйек 2021 жыл.

Бакудегі еске алу маршын Әзербайжан президенті Илхам Әлиев пен оның әйелі, вице-президент Мехрибан Әлиева бастап жүрді. Әзербайжан билігінің ресми мәліметінше, қақтығыстан 2905 әзербайжандық әскери қызметкер мен 100 тұрғын қаза болған.
 

Еревандағы Ераблур әскери зиратындағы жас солдаттың моласында жылап тұрған әйел. Армяндардың мәліметінше, қақтығыстан 4025 армян солдаты, 88 тұрғын опат болған. Amnesty International екі тарапты соғыс қылмысын жасады, адамдарды қинап өлтірді деп айыптады.
 

Әзербайжандық әскерилер Таулы Қарабақтағы Шуша қаласында 27 қыркүйекте болған еске алу шарасында тұр. Әзербайжан бұл тарихи қаланы 2020 жылдың қарашасында қайтарып алған. 

Еревандағы Ералбрул зиратында тұрған жұрт. 

2020 жылы қарашада тараптар Мәскеудің араағайындық етуімен атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, Армения Таулы Қарабақтағы бірнеше ауданды Әзербайжанға қайтарған. Екі ел арасындағы атысты тоқтату туралы келісім және Ереванның іс жүзінде соғыста жеңілуі Арменияда саяси дағдарысқа алып келген.
 

Әзербайжандық әскери қызметкерлер 27 қыркүйекте Шушадағы әскери шеруде. Әзербайжан президенті Әлиев 2020 жылғы қақтығысты "қасиетті соғыс" деп атап, "енді біз жеңімпаз елміз, жеңіске жеткен халықпыз, тартып алған жерлерімізді қалпына келтіреміз" деді.
 

Таулы Қарабақтағы Степанакерт қаласында 27 қыркүйекте өткен еске алу шарасы. Аймақтағы ең ірі қала этникалық армяндардың бақылауында қалды. Пашинян Қарабақта армяндардың қолында қалған жерлерді "жандандырып, әрі қарай дамытуға уәде берді".