БАҚ: Қазақстанда қамауда отырған шешен азаматы Мансур Мовлаев өзіне қол салмақ болған

Мансур Мовлаев

Ресейдің сұрауымен Қазақстанда ұсталып, қамауда отырған, кез келген сәтте Ресейге экстрадициялануы мүмкін шешен азаматы Мансур Мовлаев тергеу абақтысында өзіне қол салуға әрекет жасаған. Мұны оның мүддесін қорғаушы заңгер Вадим Дроздовтың сөзіне сүйеніп "Новая газета Европа" жазды. Медициналық көмек алған Мовлаевтың өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ деді басылым.

Өзіне қол жұмсамас бұрын жазып қалдырған хатында Мовлаев "әділетсіздіктен қажығанын" айтқан.

"Сот та, прокуратура да біздің үнімізді естімейді! Олар [Рамзан Қадыровтың адамдары] мені азаптап, қорлап, өлтіреді және соны өзім жасағандай етіп айтады. Енді өзімді азаптауға жол бермеймін! 16 ай бойы мен экстрадицияланудан қорқып, үміт үзбей өмір сүрдім... Енді тек қорқыныш қалды!" деп жазған Мовлаев.

Ол сондай-ақ ресейлік белсенді, марқұм Алексей Навальныйдың Санкт-Петербургтегі штаб-пәтерінің бұрынғы қызметкері, қазір Қазақстанда тергеу абақтысында отырған Юлия Емельянованы Ресейге экстрадицияланудан құтқаруды сұраған.

Осы жаңалық жарияланған сәтке дейін Қазақстанның ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Мовлаев жөнінде тараған ақпаратқа байланысты түсініктеме беруді сұраған Азаттықтың сауалхатына жауап бермеді.

Мансур Мовлаев 2025 жылдың мамыр айында Ресейдің сұрауы бойынша Алматыда ұсталған. Ресей билігі оған экстремизм айыбын тағып отыр. 2026 жылдың қаңтарында Қазақстанның Бас прокуратурасы оны Ресейге экстрадициялауды мақұлдаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

БАҚ: Қазақстан соғысқа қарсы ресейліктерді жаппай депортациялауға дайындалып жатыр

Кавказ.Реалий сайтының дерегінше, 2020 жылы Мовлаев Шешенстанда заңсыз есірткі айналымы туралы іс бойынша сотталған. 2022 жылы шартты бостандық алып, қамаудан шыққан. 2022 жылдың тамыз айында оны Шешенстанның Шали аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тағы да ұрлап әкетіп, түрмеде ұстаған. Амалын тауып қашып шыққан Мовлаев Қырғызстан аумағына құжатсыз, заңсыз кірген. 2023 жылдың қазан айында Бішкек соты оны шекараны заңсыз кесіп өтті деген айыппен алты айға бостандығынан айырып, жазасын өтегеннен кейін депортациялау туралы үкім шығарған. Қамаудан босап шыққан соң Мовлаев Қазақстанға кеткен.

Ақпан айында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстанды Мовлаевтың шағымын қарағанға дейін оны Ресейге экстрадицияламауға шақырған. Осыдан кейін Қазақстанның Жоғарғы соты пана сұраған адамның ісі қаралып болғанға дейін экстрадицияны уақытша тоқтатқан.

Қазақстан соты Мансур Мовлаевқа босқын мәртебесін беруден бас тартты. 11 қыркүйекте кассациялық сот төменгі соттардың шешімдерін күшінде қалдырды.

Биыл Мовлаевты қолдау тобы оның Шешенстандағы туыстарына қысым жасалғанын хабарлады. Маусым айында белсенділер оның бауырына зорлық-зомбылық көрсетілгенін және ата-анасы ұрланғанын мәлімдеді. Кейінірек Мовлаевтың адвокаты ата-анасы үйіне оралды деп хабарлады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Құқық қорғаушылар Тоқаевты ресейлік екі белсендіні экстрадиция жасамауға үндедіШешенстанда ұрлап әкетілген Мансур Мавлоевтың ата-анасы үйіне оралды Апелляция ресейлік белсенділер Мовлаев пен Емельянованың пана сұрау бойынша шағымын қанағаттандырмадыАлматы соты бір жылға жуық уақыттан бері абақтыда отырған Мовлаевты қамауда ұстау мерзімін тағы создыСот Мовлаевқа босқын мәртебесін бермеу туралы шешімді заңсыз деп танудан бас тартты