Башқұртстан мен Нижегород өңіріне дрондар шабуылдады

Дрон тиген көпқабатты тұрғын үй. Уфа, Башқұртстан, Ресей, 19 тамыз, 2026 жыл.

19 тамызға қараған түні Украина күштерінің дрондары Ресейдің бірнеше аймағына шабуыл жасады.

Уфада кәсіпорынның өндіріс аймағына дрон түсіп, өрт шыққан. Башқұртстан басшысы Радий Хабировтың айтуынша, тағы бір дрон Затон ауданындағы тұрғын үйге соғылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, бір адам жараланған. Аймаққа барлығы алты дрон шабуыл жасады, оның төртеуі атып түсірілді деп хабарлады билік өкілдері.

Кейінірек Хабиров Уфада жөнделіп жатқан мұнай өңдеу зауытындағы қондырғы өртенгенін хабарлады.

"Әдеттегідей, кез келген соққы құбырларды бүлдіреді, аздаған зақым келді. Бәрі бір-екі күнде қалпына келтіріледі деп ойлаймын", – деп мәлімдеді облыс губернаторы.

Сондай-ақ өткен түні Нижний Новгород облысына да шабуыл жасалған. Облыс губернаторы Глеб Никитиннің сөзінше, дрон сынықтары құлап, екі жеке үйге, көліктерге және көпқабатты үйдің терезелеріне зақым келген. Адамдар зардап шекпеген. Никитин аймаққа барлығы 52 дрон шабуыл жасаған дейді.

Дзержинск тұрғындары қала үстін қою түтін басқаны көрінетін фото-видеолар жариялады. ASTRA басылымы түтін Свердлов атындағы жарылғыш заттар шығаратын зауыттың аумағынан әуеге көтеріліп жатқан болуы мүмкін деп топшылады.

Владимирде шабуыл саяжай аумағындағы ғимараттарға зиян келтірген. Владимир облысының губернаторы Александр Авдеевтің хабарлауынша, адамдар зардап шекпеген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мәскеу өңірінде дрон шабуылдаған нысандар арасында Wildberries қоймасы да барНижнекамскіде дрон шабуылынан қаза тапқандар арасында Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары барУкраина Ресейдің Самара облысы мен Краснодар аймағындағы мұнай зауытына шабуылдадыМәскеудегі жарылыстар, Ұлыбританияға ескерту, Жапониямен тіресу | Соғыс жаңалықтарыРесей мен Украина бір-біріне әуе шабуылын жасады: екі жақтан да қаза тапқандар бар