1 қыркүйекте Қырғызстан астанасында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті жиыны басталды.
Оған Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Иран президенттері, Қытай президенті және Үндістан мен Пәкістан премьер-министрлері қатысып жатыр. Бішкектегі жиынға Қазақстаннан президент Қасым-Жомарт Тоқаев барды.
Биыл ШЫҰ-ға Қырғызстан төрағалық етеді және ШЫҰ+ форматындағы кездесу де өтпек.
2001 жылы Қытай мен Ресейдің бастамасымен құрылған ШЫҰ-ға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Үндістан, Иран және Беларусь кіреді. ШЫҰ-ға мүше 10 мемлекетте жиынтығы 3,4 миллиардқа жуық адам тұрады.
Бішкекте ШЫҰ елдері басшыларының саммиті басталды
Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитіне қатысушы елдердің жетекшілері. Бішкек, Қырғызстан, 1 қыркүйек, 2026 жыл.