Ставропольдегі тозған үйлер

Ставрополь қалалық мэриясынан жаяу небары он минут жүрсеңіз осындай көріністің куәсі боласыз.

Ал мына үйді бірнеше рет өртеген.

Сондықтан бұл үй тарихи ескерткіштер санатында жоқ.

Үздік абаттандырылған қала орталығынан көзге шалынған тағы бір ескі үйдің орны.

Сірә, жергілікті билік үйінділерді әдемі көрініс санап, оларды бұзуға батпай отырған болар.

Солтүстік Кавказ федералдық университетіне жақын маңдағы ескі ғимарат.

Мына бір үйдің терезелерінде бүтін әйнек қалмапты.

Қала орталығындағы Ленин көшесінде орналасқан бұл үйде әлі де адамдар тұрып жатыр.

Тозығы жеткен ескі үйлердің бірінің қабырғасына салынған граффити.

Ескі үйлердің қираған орнын балалар ойын алаңына айналдырып алған.

Ресей астанасында жергілікті биліктің СССР кезінде салынған ескі ғимараттарды сүріп, орнына жаңа құрылыс бастау туралы жобасы қоғам тарапынан қарсылыққа тап болып отырған шақта Ставрополь қаласында әбден ескіріп, тозығы жеткен жалғыз қабатты үйлер ешкімнің ойына да кіріп-шықпай, ұмыт қалған сыңайлы. Ставропольдің орталық көшелеріндегі сол үйлер туралы Азаттықтың Солтүстік Кавказ редакциясының (Кавказ.Реалии) фоторепортажы.