Мостар. Кеше және бүгін

Мостарда 16-ғасырда тұрғызылған ескі көпір соғыс салдарынан қирағаннан кейін адамдар уақытша салынған аспалы көпірді пайдаланды. Оң жақта – қайта жаңғыртылған көпір, 2013 жыл. Көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстары 2004 жылы аяқталған, бұл мақсатқа 15,4 миллион доллар жұмсалған. Бұл қаржы халықаралық гранттар мен Дүниежүзілік банктің несиесі есебінен жиналды.

Қираған ескі көпірдің орнына уақытша пайдалануға берілген аспалы көпір мен 2013 жылы қалпына келтірілген бұрынғы көпір.

1993 жылғы соғыста Мостардағы Мешмед-паша мешіті де бүлінді. Тарихи ғимаратты 2013 жылы қайта қалпына келтірген.

Мостардың көне бөлігінде бұзылған ғимараттың баспалдағында газет оқып отырған ер адам, 1993 жыл. Төменде – осы көшенің 2013 жылғы ақпандағы көрінісі.

Мостардың ескі бөлігіндегі соғыс салдарынан бүлінген ғимараттар және олардың 2013 жылғы ақпандағы көрінісі.

Мостардағы аспалы көпір арқылы өтіп бара жатқан адамдар, 1993 жылғы маусым. Оң жақта – қайта қалпына келтірілген көпір, 2013 жылғы сурет.

Соғыс қиратқан ғимараттар, 1993 жылғы маусым. Осы ғимараттардың 2013 жылғы көрінісі.

Мостардағы маршал Броз Тито көшесінің 1993 және 2013 жылдардағы суреттері.

Мостардағы Сантичев көшесі, 1993 жыл. 2013 жылы сол жерде түсірілген суреттен бір кездері болған соғыс зардабының ізі әлі байқалады.

Қираған ескі көпірдің орнындағы жаяуларға арналған аспалы көпірде тұрған босниялық сарбаз. Төменгі суретте – қайтадан қалпына келтірілген көпір.