Оюб Титиевтің үкімі

Шешенстанның Шали қалалық соты 2019 жылы 18 наурызда "Мемориал" құқық қорғау орталығының Грозныйдағы бөлімшесінің басшысы Оюб Титиевті "есірткі сақтағаны" үшін төрт жылға бас бостандығынан айырды. Титиев жазасын қоныс колониясында өтейтін болады.

Суретте: Оюб Титиев сотта тұр. Шали, Шешенстан, 18 наурыз 2019 жыл.

Үкімді тыңдауға Титиевтің жақтастары, дипломаттар мен журналистер қатысты. Олардың арасында "Мемориал", "Общественный вердикт", Азаптауға қарсы комитет, Мәскеу Хельсинки тобы, "Гражданское содействие", Civil Rights Defenders, Frontline Defenders ұйымдарының өкілдері, Германия, Франция, Норвегия, Канада елшіліктері мен Еуропа одағының Ресейдегі өкілдігі қызметкерлері болды.

Бұдан бұрын прокурор судьядан Титиевті төрт жылға бас еркіндігінен айырып, жазасын өтеуге жалпы режимдегі колонияға жіберуді және 100 мың рубль айыппұл салуды сұраған еді.

Үкім тоғыз сағаттан астам уақыт оқылды. Судья Титиевтің өзін екі рет ұстағаны және екінші рет полицияның оны алдын ала ойластырып әдейі ұстағаны туралы айтқанына сенбейтінін мәлімдеді.

Құқық қорғаушының адвокаттары үкімге аппеляциялық шағым түсіретіндерін айтты. Олар Титиевке қолдан жасалған айып тағылды деп санайды.

Суретте: Титиевтің адвокаты Петр Заикин.

12 наурызда сотта сөйлееген соңғы сөзінде Оюб Титиев сот өзін айыптайтын үкім шығаратынын мәлімдеп, өзіне қарсы сот процесін "барлық құқық қорғаушы ұйымдарға берілген белгі" деп атады.

"Мемориал" қоғамы Титиевті саяси тұтқын деп таныды. Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы оны ар-ождан тұтқыны деп атаған.

2018 жылы қаңтарда Шешенстанда ұсталған құқық қорғаушы содан бері тергеу абақтысында қамауда отыр. Титиев өзіне "есірткіні әдейі тастағанын" айтып, тағылған айыпты мойындамады.

Құқық қорғаушылар мен Батыс елдері Оюб Титиевке шығарылған үкімді айыптады. Еуропа одағы Титиевтің адам құқығын қорғағаны үшін қуғынға ұшырағанын мәлімдеп, Ресей билігін қамаудағы құқық қорғаушыны дереу босатуға шақырды.