Вацлав Гавелдің туғанына 80 жыл

38 жастағы Вацлав Гавел Чехияның солтүстік аймағындағы Градечек кентіндегі саяжайда.

Гавел алғашқы әйелі Ольгамен бірге Градечек кентінде, 1974 жыл. Ольга 1996 жылы дүниеден өтті. Ол диссиденттік қозғалыстың белсендісі және әйгілі "Хартия-77" құжатына қол қойғандардың бірі болды.

Ольга мен Вацлав Гавелдер достары Ян және Карла Тржискамен бірге, 1975 жылдың жазы.

Градечекте әңгіме-дүкен ұзақ түнге жалғасатын кештердің бірінде түсірілген сурет, 1975 жыл.

Вацлав Гавелдің "Бақшадағы мереке" пьесасын оқуға жиналған достары мен актерлер.

Вацлав Гавел саяжайда, 1975 жыл.

Гавел "Аудиенция" пьесасының жеке таныстырылымында басты рөлдердің бірін өзі ойнады. 1976 жыл.

Вацлав Гавел Чехословакия президенті болып сайланғаннан кейін. Пражский Град, 25 ақпан 1990 жыл.

Чехословакия президенті Вацлав Гавел халыққа үндеу жасап тұр. Пражский Град, 25 ақпан 1990 жыл. 

Гавел рок-музыканы ұнататын, ол өзі сүйіп тыңдайтын рок-әншілердің айдауға көнбейтін асау мінезіне тәнті болатын.

Суретте: Вацлав Гавел посткоммунистік Чехословакияға тұңғыш рет концерт қоюға келген әйгілі «Роллинг Стоунс» тобымен кездесіп тұр. 18 тамыз 1990 жыл.

Ұлыбритания премьер-министрі Маргарет Тэтчер мен Чехословакия президенті Вацлав Гавел Вацлав алаңында. Прага, 18 қыркүйек 1990 жыл.

Вацлав Гавел Португалияға сапары кезінде Еуропа құрлығының ең батысында, Атлант мұхиты жағалауында тұр. Кабу-да-Рока мүйісі, 14 желтоқсан 1990 жыл.

Гавел мен әйелі Ольга Польша президенті Лех Валенсамен бірге дастархан басында дұға оқып тұр. Пражский Град, 16 қыркүйек 1991 жыл.

Чехословакия президенті Вацлав Гавелдің ресми суретке түсіп жатқан сәті. 1992 жыл.

Әйелі Ольга 1996 жылы дүниеден өткеннен кейін бір жылдан соң Вацлав Гавел актриса Дагмар Вешкрноваға үйленді. Гавел мен Дагмар Градечекте, шамамен 2000 жылы түсірілген сурет.

Президенттік қызмет өкілеті аяқталуға жақындаған Вацлав Гавелдің жеке заттарын жинастырып жатқан сәті. 2003 жылы қаңтарда президенттік мерзімі аяқталған соң Гавел Пражский Градтан көшті.