Бүгінгі Донбасс

Ресейшіл сепаратистер 2 қараша күні өткізбекші болып отырған «сайлауға» дауыс беруге шақырған биллборд.

Ресей әншісі Иосиф Кобзон мен өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» «премьер-министрі» Александр Захарченко Донецкідегі концертте советтік әндерді бірге айтып тұр. Украина, қазан, 2014 жыл.

Донецкідегі Киров ауданында жүрген қарулы сепаратист. Бұл аудан шектесетін Донецк әуежайы үшін кескілескен шайқастар болған. Қазан, 2014 жыл.

«Бес» деген лақап есіммен танымал бүлікшілер командирі Игорь Безлер өз жасағындағы адамның үйлену тойында гитара тартып ән салып отыр. Горловка, Донецк облысы, Украина. Қазан, 2014 жыл.

Жатақханадағы басқа балалармен бірге волонтерлер үлестірген конфет алуға келген босқын ұл. Қазан, 2014 жыл.

Медсестра Татьяна бақылау-басқару бекетіндегі бункерде. Горловка елдімекені, қазан, 2014 жыл.

Өз бағында өсірген жүзімді сатып отырған Горловка тұрғыны Николай. Тұрғындар елдімекендегі үйлеріне орала бастады, бірақ жұмыс табу өте қиын. Қазан, 2014 жыл.

Горловка тұрғыны Николай бауында өсірген жүзімді сатып отыр. Қазан, 2014 жыл.

Бақылау-басқару бекетіндегі бункерде. Горловка елдімекені, қазан, 2014 жыл.