Джохар Царнаев және оның отбасы

Бостондағы әділет басқармасы Джохар Царнаевтың бұл суретін оның айыбының дәлелі ретінде ұсынған.

Кішкентай Тамерлан Царнаев (ортада) әкесі Анзор (сол жақта), анасы Зубейдат және немере ағасы Мухамад Сулеймановпен (оң жақта) бірге. Махачқала, Дағыстан.

Ағайынды Царнаевтардың туысы Патимат Сулейманова Махачқаладағы үйінде отбасылық альбомдағы суреттерді қарап отыр.

Отбасылық мына суретке Тамерлан (ортада, жоғарғы жақта) мен Джохар (ортада, төменгі тұрған) өз әпке-қарындастарымен бірге Қырғызстандағы үйлерінде түскен.

Джохар Царнаев өз достары, қазақстандық студенттер Азамат Тәжаяқов (сол жақта) және Диас Қадырбаевпен (ортада) бірге Нью-Йоркте. Қазір қазақстандық екі жігіт Бостон жарылысын тергеуге кедергі келтірмек болған деген іс бойынша айыпкерлер ретінде қамауда отыр. Оларға сот үкімі биыл шығуы ықтимал.

Тамерлан Царнаев бокс рингіндегі жекпе-жектен соң төрешілер шешімін күтіп тұр. Солт-Лейк-Сити, Юта штаты, АҚШ, 2009 жыл.

Джохар Царнаев Кембридждегі үйінде, Массачусетс штаты. Бұл сурет оның үстінен қозғалған қылмыстық істе айғақ ретінде тіркелген.

Джохар (оң жақта) мен оның ағасы Тамерланның Бостон жарылысы болардан бір айдай уақыт бұрын Нью-Гемпширде бақылау камерасына түсіп қалған бейнелері.

Айыптаушы тарап айғақ ретінде ұсынған видеодағы Тамерлан (оң жақта) мен Джохар Царнаевтардың (сол жақта) Бостон жарылысы болатын күнгі бейнелері. 15 сәуір 2013 жыл.

Видеобақылау камерасына түсіп қалған Джохар Царнаевтың бұл бейнесі де оның айыбының дәлелі ретінде ұсынылған.

Мерген мылтығы нысанаға алған Джохар Царнаевтың билікке берілген кездегі суреті. 19 сәуір 2013 жыл.

Бостондағы жарылыстан соң Джохар Царнаев жасырынған қайықтың ішінен табылған, оқ тесіп, қанға боялған қағаздағы жазу. Уотертауне, Массачусетс штаты.

Журналистер ағайынды Царнаевтардың анасы Зубейдатқа ілесіп келеді. Махачқала, Дағыстан, сәуір, 2013 жыл.

Ағайынды Царнаевтардың қарындасы Айлина. Нью-Йорк, АҚШ, желтоқсан, 2014 жыл.

Бостон федералдық сотында Джохар Царнаевтың өзіне шығарылған айыптау үкімін тыңдап тұрған бейнесін суретші осылай бейнелеген. 8 сәуір 2015 жыл.

Джохар Царнаев 2013 жылы Бостондағы жарылысты ұйымдастырғаны үшін айыпты деп танылсын. АҚШ сотының алқа билері 2002 жылы осы елге қоныс аударған шешен отбасынан шыққан жігіттің тағдырына қатысты осындай кесім айтты.