«Еуромайдан» эволюциясы

2013 жылы 21 қараша күні Януковичтің ЕО-мен серіктестік келісіміне қол қоюдан бас тартуына байланысты Киевтегі алаңға наразылар жинала бастады.  

Алаңға келген Украина азаматы. Киев, 24 қараша 2013 жыл. 

30 қараша күні шамамен сағат 4:30-да "Беркут" арнайы жасағы белсенділерді алаңнан қуды. 

"Беркут" жасағының әрекеттері Киевтегі наразылықты күшейтіп жіберді. 1 желтоқсан күні шерушілер алаңға қайта жиналды. Полициямен қақтығыстар, екі тараптың бір-біріне шарт қоюы сияқты әрекеттер бір айға созылды.  

Президент резиденциясын қоршаған демонстранттар милициямен қақтығысты. Киев, 1 желтоқсан 2013 жыл.

7 желтоқсан. Шерушілер қалалық кеңес ғимараты ішінде ұйықтап жатыр. Бұл шақта наразылық шеруі үздіксіз жалғасып жатты. Белсенділер үкіметтің отставкаға кетуін және кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті. Демонстранттар бұл кезде министрлер кабинеті ғимаратын қоршап алған еді. Наразылар Киев әкімдігі мен кәсіподақтар үйін де басып алып, бір күн бұрын олардың төбесіне ЕО туын тіккен болатын.  

8 желтоқсан. Киев орталығындағы алаңға жиналған наразылар.  

8 желтоқсан. Киев тұрғындары СССР көсемі Лениннің ескерткішін құлатты.  

9 желтоқсан. Наразылар Майданға (алаңға - ред.) кіретін жолдарды жауып, баррикадалар құрып тастады.  

11 желтоқсан. Осы күні кешке арнайы жасақ баррикадаларға шабуыл жасады. "Беркут" пен ішкі әскер түнгі екіде белсенділерге қарсы операция ұйымдастырды. 

29 желтоқсан. Украинадағы оппозиция лидерлері - Арсений Яценюк пен Виталий Кличко шерушілер алдында сөйлегелі тұр.  

1 қаңтар (2014). Майданда (Тәуелсіздік алаңы - ред.) - Жаңа жыл.  

16 желтоқсан. Жоғарғы Рада (Украина парламенті - ред.) қарсылық шараларын өткізуге тыйым салатын заң шығарды. Бұл наразылықты тіпті ушықтырып жіберді. 

19 желтоқсан. Киев әкімдігі жанында азаматтық белсенділердің полициямен қақтығысқан сәті.  

22 қаңтар. Киевтегі қақтығыстар. 

23 қаңтар. Қала тұрғындары полициямен қақтығыс болған жерден тарамай тұр.  

30 қаңтар. Үкіметке қарсы шерушілер 19 градустық аяз кезінде өздері тіккен шатырларды паналады.  

20 ақпан. Әскери қызметкерлер шерушілерге қарсы Калашников автоматтары мен снайперлік мылтықтар ұстап шықты. Суретті Азаттықтың Украин қызметі түсірген.  

20 ақпан. Наразылар баррикадаларға жасырынып тұр. 

20 ақпан. Арнайы жасақ оқ жаудырды. Әртүрлі мәліметтерге қарағанда, полициямен қақтығыстан жүзге жуық азамат қаза тапқан.  

11 тамыз. Көпірге жапсырылған марқұмдардың суреті ұзақ уақыт ілініп тұрды. Киевтің муниципалдық қызметтері баррикадаларды жинап, көшелерді тазартты. Көлік қозғалысы қалпына келді.