Европарламент сайлауындағы радикалдар жеңісі

Францияның Марин Ле Пен (ортада) басқаратын әсіреоңшыл Ұлттық партиясы Еуропарламент сайлауында биліктегі социалистер партиясы мен оппозициялық оңшыл центристік Халық қозғалысы үшін одағынан басым түсті.

Ұлыбританияда өткен Еуропарламент сайлауында Найджел Фарадж (ортада) жетекшілік ететін Біріккен корольдіктің тәуелсіздік партиясы 28 пайыз дауыс жинады.

Данияда өткен сайлауда әсіре оңшыл Халық партиясы көп дауыс жинады.

Суретте: Халық партиясының кандидаты Мортен Мессершмидт Еуропарламент сайлауына дауыс беріп тұр.

Австрияда сайлаушылардың 20 пайызының қолдауына ие болған әсіреоңшыл Азаттық партиясының жетекшісі Хайнц-Кристиан Штрахе (сол жақта) осы партиядан сайлауға түскен кандидаттардың бірі Харальд Вилимскимен бірге тұр.

Бернд Люке басқаратын "Германия үшін балама" партиясы сайлаушылардың 7 пайызының қолдауына ие болып, тұңғыш рет Еуропарламентке сайланды.

Грекияда өткен сайлау оңшыл және солшыл радикалдар үшін табысты болды.

Суретте: «Сириза» солшыл күштер коалициясы жетекшісі Алексис Ципрас (сол жақта) пен осы коалициядан сайланған Рена Дуру Афинада жақтастары алдында сөйлеп тұр.

Сайлаушылардың 10 пайызға жуығы қолдау танытқан Грекияның әсіреоңшыл «Алтын арай» партиясы алғаш рет Еуропарламентке сайланды. Бұл партияның алты жетекшісі қазір қамауда отыр, тағы бірнеше өкілі «ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетіне қатысы болған» деген айыппен тергеліп жатыр.

Суретте: Грекияның әсіреоңшыл «Алтын арай» партиясы өкілі Илиас Касидиарис сайлау алдындағы жиында сөйлеп тұр.

Венгрияда әсіреоңшыл «Йоббик» («Озық Венгрия үшін») қозғалысы сайлауда 15 пайыз дауыс жинап, екінші орын иемденді.

Суретте: «Йоббик» жетекшісі Габор Вона (сол жақта) мен оның саяси серігі Кристина Морваи Будапештегі жиында сөйлеп тұр.

Италияда өткен Еуропарламент сайлауында популистік «5 жұлдыз қозғалысы» екінші орын иеленді. Қозғалыс жетекшісі, бұрынғы комик актер Беппе Грилло (мотоциклде отырған адам) мен оның жақтастары Италияның еуро аймағынан шығуы туралы референдум өткізу қажет деп санайды.