ХІІ «Евразия» кинофестивалі

Шахматшы Жансая Әбдімәлік пен актер Әнуар Нұрпейісов «Евразия» фестивалінде «Менің досым Раффи» фильмін көруге келе жатыр. Германиядан қатысып жатқан фильмде ұл бала мен ақылды атжалманның достығы жайлы баяндалады.

«Евразия» кинофестивалі бас директоры  Рашид Нұғыманов қысқа метражды фильмдер байқауының халықаралық қазылар алқасының мүшесі, ресейлік-белорус актрисасы Янина Мелеховамен әңгімелесіп тұр.

Скрипкашы, «Евразия» фестивалінің құрметті президенті Айман Мұсақожаева (сол жақта) және «Тұлпар» кино сыйлығының президенті, актер Асанәлі Әшімов зайыбымен. Айман Мұсақожаева басқаратын Астанадағы Қазақ ұлттық көркемөнер университетінде театр, кино және телевизия факультеті бар. «Евразия» фестивалі бағдарламасына Айман Мұсақожаеваның концерті енгізілген.

Қазақ киноактрисасы Аружан Жазылбекова.

Фестивальдің алғашқы күнгі жұмысының негізгі бөлігі кешкісін Республика сарайының алды мен ішінде өтті. Алматы, 24 қыркүйек 2016 жыл.

«Евразия» фестиваліне Астанадан келген режиссер Аян Найзабековты (оң жақта) жиналған киносүйер көпшілік қошеметпен қарсы алды.

Режиссер Аян Найзабековке қошемет көрсетіп тұрған қыздар.

Продюсер Анна Качко (Германия-Ресей) Астанадан келген блогермен әңгімелесіп тұр. Анна Качко – Eurasia spotlight бизнес-алаңы жетекшілерінің бірі әрі қысқа метражды фильмдербайқауының халықаралық қазылар алқасы мүшесі.

Фестивальға ұсынылған «Қаратас ауылындағы оба» фильмінде басты рөлде (ауыл әкімі) ойнаған Айбек Құдабаев сұхбат беріп тұр.

Белгілі қазақ актерлері Бахтияр Қожа (сол жақта) және Нұржұман Ықтымбаев.

Қазақстан мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы (сол жақта), актер Асанәлі Әшімов, ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов (оң жақта).

«Евразия» фестивалінің ашылу рәсімін Ольга Спирина (қазақша) және продюссер Серік Ақышев жүргізді.

Фестивальдің алғашқы күні Esentai square павильонында ХХ ғасырдың ұлы кинорежиссерлерінің бірі Сергей Эйзенштейннің суреттер көрмесі ашылды. Көрмеге қойылған 15 шығарманың барлығы – түпнұсқа және оларды Эйзенштейн Алматыға эвакуациямен келіп, осында «Иван Грозный» фильмін түсірген кезеңде салған. Негізінен тұрмысты бейнелейтін суреттерден әжуа, мысқыл аңғарылады. Кинорежиссердің қытай стилінде жазған автопортреті де бар.

Суретте: көрмеге келушілердің бірі «Шенеунік» суретін қызықтап тұр.

Сергей Эйзенштейннің суреттер көрмесін Ресей мемлекеттік әдебиет пен өнер архивінің қызметкері Наталья Стрижкова мен «Эйзенштейн-центр» өкілі Артем Сопин таныстырды. Олар қорда Эйзенштейннің 6 мыңнан астам суреті барын, қазіргі кезде бұл қордың материалдары әледе көрме ұйымдастырушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие екенін айтты.

Қазақ киноактрисалары Гүлбахрам Байбосынова мен Қарлығаш Мұхамеджанова гаджетке түсірген фотосуреттермен алмасып тұр.

Алматыда Қазақстанның кино саласы үшін жылдың басты оқиғасы – ХІІ «Евразия» халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр.