«Жолдар арасында» фестивалі

Шараны Алматыдағы АҚШ бас консулдығы мен Британ кеңесі ұйымдастырды.

Мұндай фестиваль өткізу идеясын АҚШ консулдығының мәдениет және БАҚ бойынша атташесі Чарльз Мартин ұсынған. Суретте ол ортада тұр.  

Фестиваль Алматы орталығындағы ArtPoint алаңында өтті. Бұрын бұл жерде 1930-жылдардың саясат және мәдениет қайраткерлерінің үйлері болған. Үйлерді күреп тастаған соң, қаржылық дағдарыс басталып, бұл жерде ешқандай құрылыс болмады. Кейіннен бос жерді сахна орнатып, мәдени шаралар өтетін алаңға айналдырды.  

Мұндағы орындықтар ескі көлік дөңгелектерінен жасалған. Кейбір адамдар туристік кілемшелер үстінде отырды. 

ArtPoint алаңында көрерменге барлық жағдай жасалды.  

Фестивальге дейін ArtPoint алаңын жергілікті суретшілер туындыларымен безендірген. Оларға Британ кеңесі өтініш айтқан.  

Суретшілердің бірі фестиваль басталғанда жұмысын аяқтап жатты. Туынды футбол туралы, «Жартылай финал» деп аталады.

Фестифальді қазақ әдебиетінің классигі Абай "бақылап" тұрды. Келушілерге Абайдың қара сөздерінен ағылшын тілінде үзінділер жазылған ашық хаттар жинағын сатып алуға ұсынды. 

Фестиваль басталған сәт. Шараны алматылық ақын Павел Банников пен америкалық ақын әйел Мишель Чен Браун ашты. Мишель Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазіргі АҚШ әдебиеті жөнінде дәріс оқиды.  

Америкалық ақындардан Мишель Чен Брауннан басқа Данте Матеро (сол жақта) және Грейс Гарретт атты студенттер келді.

Ақындар фестивалінде үш секция – ақындар, музыкалық шығармалар, театр секциялары болды. Музыкалық секцияда үш жоба көрсетілді. Соның бірі – Am Neuen Tor Project (Павел Банников, Антон Болкунов, Артём Пыльнов, Мамед Садых-Пур), мұнда ақындардың өлеңін музыкамен әрлеп жеткізді. Бір қызығы - бұл жобаға совет фильмінің танымал кейіпкері - Штирлиц бас сұққан Берлиндегі кафе атауы берілген.  

Фестивальге қатысқан ақындардың негізгі кәсібі поэзия емес. Барлығының мамандықтары бар. Кейбірі БАҚ-та жұмыс істейді. Мысалы, Алмаш Аренова өлеңдерін (ортада) Қазақстан сыртқы істер министрлігіндегі жұмысынан қолы босаған кездері жазады. Сол жақта - АҚШ бас консулдығының атташесі Чарльз Мартин, оң жақта өзін Әлем халықтары жазушылары одағы (6 мемлекетті қамтиды) төрағасы деп атайтын Қайрат Дүйсенов тұр.  

Фестиваль соңында KIMEP университетінің студенттер театры ағылшын тіліндегі қойылымын көрсетті.