Павлодар облысындағы «Ұлы дала елі» фестивалі

Алматылық Nomad каскадерлер тобының өнерпаздары ат үстінде өнер көрсетті.

Суретте: ат үстінде келе жатып садақтан жамбы ату жарысы.

Алматылық Nomad каскадерлер тобының мүшесі Әлия Искакова ат үстінде өнер көрсетіп жатыр.

Алматылық Nomad каскадерлер тобы көрермендерге ризашылық білдіріп тұр.

Ертіс бойындағы қазақ жерін жоңғар шапқыншылығынан қорғаған Малайсары батырдың ескерткіші бүгін Павлодарда ашылды. 

Павлодар және Екібастұз командалары қазақтың ұлттық ойыны - көкпар тартудан сайысқа түсті. Арғы жақта Павлодар қаласындағы өнеркәсіп орындарының түтіні будақтаған мұржалары көзге шалынады.

Ерлер арасында тас көтеруден өткен жарысқа қатысушылар салмағы 250 килограмм сандық тасты көтеруге талпынып жатыр.

Қазақтың ұлттық киіміндегі әйел адам қымыздың қалай дайындалатынын айтып тұр.

Түркістан қаласынан келген шебер Абай Арыспаев саз балшықтан құмыра жасап отыр.

Семей қаласынан келген қолөнер шебері Айдар Елубаев өзі әзірлеген бұйымдарды көрсетіп отыр.

Айдар Елубаевтың қолынан шыққан бұйымдар.

Түркістандық шебер Абай Арыспаевтың саз балшықтан жасаған бұйымдары.

Ауыл шаруашылығы өнімдері.

Фестиваль қонақтарының бірі киізден басылған үлкен байпақты киіп суретке түсіп тұр.

Ұлттық киімдегі қыздар алтыбақан теуіп жатыр.