Бірінші шешен соғысы қалай басталып еді?

1994 жылы желтоқсанда Ресей президенті Борис Ельцин мен өз-өзін жариялап алған Ичкерия Шешен республикасының жетекшісі Жохар Дудаев келіссөз жүргізіп жатқан. Мәскеу "ешқандай әскери іс-қимыл болмайды" деп ескертсе де, Грозный маңына Ресей әскері жиналып тұрған еді. Шешенстан да шабуыл бола қалған жағдайда тойтарыс беруге қамданды. 11 желтоқсан 1994 жыл

Шешенстан аумағына кіретін маңда тұрған ресейлік жауынгерлер мен әскери техника. 22 желтоқсан 1994 жыл

Ресей президенті Борис Ельцин (сол жақта) мен Ресей премьер-министрі Виктор Черномырдин Шешенстан туралы құжат талқыланған үкімет отырысында. Мәскеу, 27 желтоқсан 1994 жыл

1994 жылғы 31 желтоқсанда Ресей Грозныйды басып алуға талпыныс жасады. Бірақ операция сәтсіз аяқталып, ресейлік мың жарымға жуық жауынгер мерт болды. Жергілікті мыңдаған бейбіт тұрғын хабар-ошарсыз кетті

Ресей күшт күштерінің толассыз атқылауынан қирап-бүлінген Грозный қаласының орталығындағы көшеде пианино ойнап отырған шешен сарбазы. Соғыстың алғашқы күндері көп үйге бомба түсті не өртенді. 22 желтоқсан 1994 жыл

Ресей әскері Грозныйды нысана етіп, толассыз зымыран жаудырып жатыр. Шешенстан жағынан қаза тапқандар мен жараланғандар өте көп. Екі шешен сарбазы жараланған адамды қала орталығынан алып шығып келеді. 25 желтоқсан 1994 жыл

Ресей күштері Шешенстанға әуеден шабуыл жасады. Олар Грозный әуежайын Шешенстанға кірмей тұрып бомбалады. Шешенстан әскерінде ұшақ болған жоқ. 29 желтоқсан 1994 жыл

Өз-өзін жариялап алған Ичкерия Шешен республикасының жетекшісі, бұрынғы совет генералы Жохар Дудаев аймақтағы ауылдардың бірінде баспасөз мәслихатын өткізіп отыр. Ол Ресейден бейбіт халықты қырып-жоюды тоқтатуды талап етіп, Мәскеуді келіссөзге шақырды. 11 қаңтар 1995 жыл

Ресей күштері Грозныйға әуеден соққы беруді үдетті. Президент сарайы да түгелдей қирады. Суретте шешен сарбаздары әуе шабуылынан бас сауғалап қашып барады. Грозный, 12 қаңтар 1995 жыл

Ресей әскеріне қарсы қиян-кескі шайқас жүріп жатқан Грозныйдың орталығына қарай пулемет көтеріп кетіп бара жатқан шешен сарбазы. 17 қаңтар 1995 жыл

Басы мен оң қолы жараланған үш жасар Ахмед Грозныйдан 25 шақырым қашық Урус-Мартан ауруханасында жатыр. Мәскеу бастаған екі шешен соғысында нақты қанша бала қаза тапқаны не зардап шеккені жөнінде ресми дерек жоқ. 18 қаңтар 1995 жыл

Балалар – соғыстың қорғансыз құрбаны. Ресей армиясының бомбасы түскенде аяғынан айырылған сегіз жасар ұл бала Грозныйдың батыс жағындағы Урус-Мартан қаласындағы ауруханада жатыр. 18 қаңтар 1995 жыл

Қыстың аязында қарша бораған оқ пен зымыран астында қалған үйін тастап қашып шыққан шешен отбасы. Грозный қаласында машина да, қоғамдық көлік те қалмаған. 20 қаңтар 1995 жыл

Ерлі-зайыпты қариялар Ресей армиясы толассыз атқылап жатқан Грозныйдағы үйінен қолға ілінген затты ғана алып, бас сауғалап қашып барады. Қалада жарық, газ, су жоқ. Тамақ та қалмаған. 24 қаңтар 1995 жыл

Ресей қарулы күштері зымыранмен атқылаған кезде Грозный көшесінде қаза тапқан бейбіт тұрғын. Жергілікті адамдардан құралған еріктілер тобы кезекті бомбалаудан кейін көше аралап, келесі бомба түскенше үлгерсе, қаза тапқандарды алып кетеді немесе жақын маңға апарып жерлейді. 24 қаңтар 1995 жыл

Қос снарядты иығына артып алып, Грозныйды толассыз атқылаған Ресей әскеріне қарсы соғыс жүріп жатқан жерге беттеген шешен азаматы. 26 қаңтар 1995 жыл