Париждегі терактілер

Терроршылар басып алған «Батаклан» концерт орталығы маңынан жаралы адамды алып бара жатыр. 14 қараша 2015 жыл.

Кейін терроршылардан азат етілген «Батаклан» концерт орталығына Франция президенті Франсуа Олланд (ортада) келді. 14 қараша 2015 жыл.

Арнайы топ жасағы терроршылар басып алған «Батаклан» өнер орталығын босатқаннан кейін ғимарат сыртында бір-бірін құшақтап тұрған адамдар. 14 қараша 2015 жыл.

Жарылыстар болған стадион маңында жараланған адамға жәрдем көрсетіп жатыр. 13 қараша 2015 жыл.

Stade de France стадионына Германия мен Франция ұлттық футбол құрамаларының жолдастық кездесуін тамашалауға келгендер матч кезінде бірнеше жарылыс естілген соң ойын алаңына жиналды. Париж, 13 қараша 2015 жыл.

Полицейлер мен құтқарушылар терроршылар оқ жаудырған мейрамхананың жанында тұр.

Полицейлер терроршылар жұртқа оқ атқан көшелердің бірін жауып тұр.

Полицейлер «Батаклан» концерт орталығы маңында жаралы адамға көмектесіп жатыр. 13 қараша 2015 жыл.

Париждің бірнеше ауданында жарылыстар мен атыс болғаннан кейін Франция президенті Франсуа Олланд Елисей сарайында үкіметтің төтенше отырысын өткізіп отыр. 

Сот сарапшылары өткен түні террорлық шабуылға ұшыраған Bonne Biere кафесінде тексеру шараларын өткізіп жатыр.