Германияда ЛГБТ-шеруге жасалған шабуылға күдікті оққа ұшқан

Германия полициясы Берлиндегі шабуылға күдіктінің пәтері орналасқан үйдің алдында тұр.

26 шілде кешке германиялық басылымдар полиция 21 жастағы Абдул Баллутты ұстамақ болған кезде атып өлтірген деп хабарлады.

Бұл адам ЛГБТ қауымы сенбі күні Берлинде өткізген Christopher Street Day шеруіне шабуыл жасаған деген күдікке ілінген. Шабуыл салдарынан бір кісі қаза тауып, 29 адам зардап шеккен.

Күдіктінің оққа ұшқанын кейінірек Берлин полициясы растады. Ресми мәліметте Берлиннің батысындағы бау-бақша аумағында көзге түсіп қалған жедел қызмет өкілдеріне пышақпен тап берген соң арнайы жасақ тобы қызметкерлері оны атып өлтіргені айтылған.

Bild басылымы Абдул Баллут Берлиндегі исламшыл топпен байланысы бар адам ретінде құқық қорғау органдарына бұрыннан белгілі болған, биыл мамыр айында ол кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемесінен босап шыққан деп жазды.

Журналистердің мәліметінше, ол 2025 жылы Сирияға барып, "Ислам мемлекеті" террорлық тобына қосылуға талпыныс жасаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Берлинде көлік ЛГБТ парадына қатысушыларды қақты