Көне Талхиз қалашығы

Көне қаланың солтүстік-шығысындағы қалпына келтірілген мұнарасынан Талхиз қаласының көрінісі. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.

Талхиз қаласы орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген адамдар. Алматы облысы, 20 маусым 2009 жыл.

Талхизден табылған жәдігерлердің бірі – 12-13 ғасырлардағы мыс табақ қазір Қазақстан орталық мемлекеттік мұражайында сақтаулы. Алматы, 5 тамыз 2016 жыл.

Талхиз қаласы көшесін қалпына келтіру жұмыстары. Алматы облысы, 20 маусым 2009 жыл.

Совет заманында бұл жерде әскери полигон болған. Тау етегіндегі саяжайларға баратын жол осы аумақ арқылы өткен. Қазір Талхиздің айналасы қоршалған, автокөліктер көне қонысты қоршаудың сыртынан айналып өтеді. Алматы облысы, 20 маусым 2009 жыл.

2014 жылы «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлеттік кәсіпорны цитадельдің солтүстік қақпасы мен мұнарасын қайта жаңғыртқан. Мамандар реконструкциялық жұмыстар көне нысандарды өз тарихи қалпына келтіргенін айтады. Талхиздің солтүстік іргесінде жақында қосқабатты коттедждер салынуы тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі халықаралық сарапшылардың сынына ілікті. Алматы облысы, 30 қазан 2016 жыл.

Қайта қалпына келтірілген мұнара. Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау халықаралық кеңесі (ICOMOS) сарапшысы Наталья Душкина бүкіләлемдік мұра тізіміне ескерткіш құжаттарын ұсынған кезде оның кескін-келбеті қазіргіден мүлде өзгеше болғандықтан көне қоныстағы реконструкциялық жұмыстарды доғаруға кеңес береді. Сарапшының пікірінше, ондай өзгертулерден мәдени мұраның құны жоғалады. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.

Талхиздің қорғалатын аймағы арқылы автокөлік жолы құрылысын салу қатты сынға кезікті. Құрылыс жүргізушілер даулы жолдың жобасы Талхиз бүкіләлемдік мұра тізіміне енбей тұрғанда жасалған деп ақталады. Ескерткіштерді қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдар, қазақстандық археологтар, қоғам өкілдері тарихи қоныс арқылы жол құрылысын салуды тоқтатуды талап еткен. Алматы облысы, 30 қазан 2016 жыл.

Автокөлік жолын салушы мердігерлер қазба жұмыстарын жүргізу үшін жалдаған «Қазархеология» жеке меншік фирмасы өз есебінде құрылыс салынатын жерде ешқандай құнды нәрсе жоқ деп жазған. Бірақ құрылыс жұмыстары барысында ортағасырлық кезеңге жататын көптеген жәдігерлер – сүйектер, қыштан жасалған бұйымдардың сынықтары мен құрылысқа пайдаланылған кірпіштер табылған. Суретте: Талхиз орнынан табылған көне заманғы заттарды археологтардың бірі қапқа салып қойған. Алматы облысы, 30 қазан 2016 жыл.

Бұл суреттен экскаватор қазған жерде көне цитадельдің оңтүстік бетіндегі бекінісі болғаны байқалады. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.

Қазанның 27-і күні Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов ескі қаланың орнындағы жол құрылысы жұмыстарын тоқтатып, қазылған орды қайта көмуді бұйырды. Әлгі орды бес күннің ішінде, ЮНЕСКО тарапынан Талхиз тарихи ескерткішінің мәртебесі бойынша кеңес беретін комиссия келгенше көміп тастады. Суретте: көпір жағынан қазылып, қайта көмілген ор. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.

Құрылысшылардың сөзінше, жол салу жұмыстарын аяқтау екі жылға шегеріледі. Бұған дейін бюджеттен жол құрылысына бөлінген қаржының бір бөлігін «жерге көмуге» тура келген. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.

ЮНЕСКО сарапшылары Фэнг (сол жақта) және Наталья Душкина Талхиздің қазіргі жайымен танысып тұр. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.

Қазақстанның ортағасырлық қалалары бойынша маман, ғалым-археолог Карл Байпақов болашақта Талхиз ірі туристік орталыққа айналады деп үміттенеді. Әзірше туристер мұндай қаланың бар екенінен бейхабар. Алматы облысы, 30 қазан 2016 жыл.

Көне қалада экскурсоводтар жоқ, бірақ ЮНЕСКО комиссиясы келер алдында оның аумағында Талхиздің тарихы туралы жалпылама деректер жазылған бірнеше баннер пайда болған. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.

Тарихи ескерткіш аумағында бағыт беретін ешқандай белгі жоқ. Сондықтан мұнда келушілерге археологтар тапқан ортағасырлық қоныс орнындағы көне үйлердің іргетасын тауып, көру оңайға түспейді. Алматы облысы, 8 қараша 2016 жыл.

Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.