Мосулдағы "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының түрмесі

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы түрмеге айналдырған үйдің алдында тұрған Ирак әскерилері.

Жихадшылар түрме ішіндегі есік-терезелерге осындай темір тор орнатқан. Экстремистер бұл жерде өздері қолға түсірген үкімет әскерилері мен Ирактағы діни азшылық өкілдері – езидтерді тұтқында ұстаған.

Түрмеде тұтқындар отырған бөлмелердің бірі.

Экстремистік топ түрмеге айналдырған үйдің ішінде тұрған Ирак сарбазы.

ИМ содырлары бомба жасау үшін пайдаланған заттар.

Терроршылар бала ойыншығының ішіне жасырып дайындаған жарылғыш зат. ИМ содырлары шабуыл жасаған кезде осы тәрізді қолдан жасалған бомбаларды жиі пайдаланады.

ИМ түрмесі ішіндегі үстелде қалған нан қалдықтары.

Ирак әскериі жихадшылар тұтқындарды бақылаған бейнекамераны көрсетіп тұр.

ИМ содырлары өздері қамауда ұстаған тұтқындарды бейнекамераның көмегімен осы монитордан бақылап отырған.

ИМ экстремистік тобы Мосулда түрмеге айналдырған ғимараттың ішінде балаларға арналған кітаптар мен ойыншықтар да жатыр. 

Түрме ішінен табылған белгісіз қыз баланың суреті.