Жарты триллион теңге жеңілдік. Арнайы экономикалық аймақта салықтан босатылған кімдер?

Your browser doesn’t support HTML5

Азаттық Қазақстанда бар 14 арнайы экономикалық аймақта (АЭА) тіркелген 300-ден астам компанияны зерттеп шықты. Мұндай фирмалар арнайы тәртіппен жұмыс істейді: көп салық төлемейді және басқа да жеңілдіктер алады. Осындай компания иелерінің тізімінде Қазақстанға белгілі тұлғалар мен олардың туыстары көптеп кездесті.