Ғарыштан түсірілген суреттер Кабул әуежайындағы бейберекетті көрсетеді

Адамдар топ-топқа бөлініп, C-17 тасымалдау ұшағына міну кезегін күтіп отыр. Кабулдегі Хамид Карзай халықаралық әуежайы. 23 тамыз 2021 жыл.

Елден кетуге бел буған адамдар Кабул әуежайына кіруге талпынып жатыр. 23 тамыз 2021 жыл.

Әскери ұшаққа мінуге бара жатқан адамдар. Кабул әуежайы, 23 тамыз 2021 жыл.

Әуежайдан шығысқа қарай мыңдаған адам кептеліп тұр. Кабул, 23 тамыз 2021 жыл.

Әуежай сыртында жиналып тұрған адамдар. Кабул, 23 тамыз 2021 жыл.

Ұлыбритания және Канада сарбаздары ауған азаматына қабырғадан асып түсуге көмектесіп жатыр. Кабул, 23 тамыз 2021 жыл.

Адамдар әуежайдан түн кезінде де кетпеді. Кабул, 23 тамыз 2021 жыл.

Әуеден түсірілген мына суретте адамдар әуежай бекетінен өтіп жатыр. Кабул, 23 тамыз 2021 жыл.

Эвакуацияны күтіп отырғандар. Кабул әуежайы, 23 тамыз 2021 жыл.

Спутниктен түсірілген мына суретте адамдар Кабул әуежайына бара жатыр. 23 тамыз 2021 жыл.

Эвакуация ұшағына мініп жатқандар. Кабул әуежайы, 23 тамыз 2021 жыл.

Эвакуация кезінде АҚШ әскери ұшағына мініп жатқан ауған отбасылар. Кабул әуежайы, 23 тамыз 2021 жыл.

Кабул әуежайының солтүстік қақпасына қарай жиналған адамдар және көлік кептелісі.

АҚШ теңіз әскерінің сарбаздары эвакуация орталығына кіреберістегі бақылау бекетіне көмектесіп жатыр. Кабул әуежайы, 23 тамыз 2021 жыл.

Эвакуация кезінде АҚШ әскери ұшағына мініп жатқан ауғандар. Кабул әуежайы, 22 тамыз 2021 жыл.

АҚШ әскери ұшағының борт қызметкерлері эвакуация тізіміндегі азаматтарды ұшаққа отырғызуға дайындап жатыр. Кабул әуежайы, 22 тамыз 2021 жыл.

АҚШ сарбазы эвакуация кезінде шөл қысқан адамдарға су таратып жүр. Кабул әуежайы, 22 тамыз 2021 жыл.

Адамдар топ-топқа бөлініп, эвакуацияны күтіп тұр. Кабул әуежайы, 23 тамыз 2021 жыл.

Әуежайға өткісі келетін адамдар. 23 тамыз 2021 жыл.

Әуеден түсірілген мына суреттен эвакуация кезінде әуежай сыртындағы құжынаған адамды көруге болады. 23 тамыз 2021 жыл.