Талибанның Ауғанстанда билікке қайта келгеніне бес жыл болды. Осы уақыт ішінде елде ауқымды соғыс қимылдары азайғанымен, қауіпсіздік мәселесі толық шешілген жоқ. Әйелдер мен қыздардың білім алуына шектеу енгізілді, тәуелсіз медиа қысымға түсті. Бес жыл Ауғанстанды қалай өзгертті?
2021 жылы Ауғанстанда билікке тәліптер келердің алдында Азаттық Кабулдағы ауған жастарымен сөйлескен еді. Олар болашағына алаңдайтынын, үреймен қарайтынын айтқан. Содан бері олардың өмірі қалай өрбігенін бақылап келдік. Талибан билікті қолға алғанына бес жыл толғанда сол жастармен қайта тілдестік.
Ұзақ жыл бойы Пәкістанға экономикалық тұрғыда тәуелді болып келген Ауғанстан сауда әріптестерін әртараптандыру үшін мұнайға бай Орталық Азияға басымдық бермек.
Ауғанстанда тәліптер билікке келгелі Орталық Азияның "Талибан" үкіметімен қарым-қатынасы қалай өзгерді? Террорист ұйым деп танылған "Талибанмен" байланыс орнату қаншалық орынды? Қазақстан Ауғанстанмен экономикалық байланысты арттыруға неге мүдделі? Азаттық журналист Брюс Панниермен осыны талқылады.
Ауғанстанда тәліптер билікке келген соң елден кеткен мыңдаған ауған сарбазы Иранда тұрып жатыр. Көбі қара жұмыс істеп, қоқыс теріп кетуге мәжбүр болса, кейбірі Ресейдің жекеменшік әскери топтарының шақыруымен Украинадағы соғысқа қатысуға дайын екенін айтады.
Он бес ай бұрын "Талибан" қозғалысы билікке келіп, мектептерді жаба бастағалы, елде қыздарды ерте әрі мәжбүрлеп тұрмысқа беру жиілеген. Көбі қызының қолын тәліптер сұрай ма деп қауіптеніп, осы қадамға барып жатыр.
Associated Press фотографы Эбрагим Норузи Ауғанстан астанасы Кабулдың шетінде кірпіш құйып жүрген балаларды суретке түсіріп алған. Жұмыс істеп жүрген балалардың кейбірі бес жасқа да толмаған.
Ауғанстан қаржы министрлігінің қызметкерлері жұмыс орнын сақтап қалу үшін ислам туралы тест тапсырған. Азаттықтың Ауған қызметіне хабарласқан дереккөздер министрлік ислам туралы кітапша таратып, кейін қызметкерлерінің діни ұстанымы талапқа сай екеніне көз жеткізу үшін тест алғанын айтады.
Бір жыл бұрын "Талибан" қозғалысы Батыс қолдап келген ауған үкіметін құлатып, билікке келді. Содан бері тәліптер билігін күшейтіп, елдегі оппозицияны басып-жаншыды. Сарапшылар топ ішінде талас-тартыстың күшеюі тәліптер билігіне қауіп төндіріп отыр дейді.
Тағы