Accessibility links

Кабулдан Қандағарға. Талибан ауған астанасын ауыстырып жатыр ма?

Тәліптер мен олардың жақтастары Қандағардағы шеруде. Архив.

Ауғанстанның оңтүстігіндегі тәліптердің отаны саналатын Қандағар қаласы елдің бейресми астанасына айналды. Тәліптердің қазіргі басшысы осы қалада тұрады. Оның билігі күшейген сайын қаланың да рөлі артып келеді.

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар тәліптердің тарихи отаны әрі саяси орталығы деп есептеледі. Елдегі екінші ірі қала тәліптер билігі тұсында бейресми астанаға айналды.

Талибан үкіметінің бірнеше мүшесі Ауғанстан астанасы Кабулдан Қандағарға көшті. Тәліптердің көшбасшысы мулла Хайбатулла Ахунзада осында тұрады және туған қаласынан алысқа ұзап шыға бермейді.

Сарапшылар Ахундзаданың бірнеше өкілетті тұлғаны Қандағарға көшіруін билігін күшейтуге талпыныс деп бағалады. Бұл Кабулдағы кей министрлер мен Қандағардағы Ахундзаде бастаған дінбасылар қауымы арасында келіспеушіліктер бар деген ақпаратпен тұспа-тұс келіп отыр.

"Саяси билік Кабулдан Қандағарға ауысқан сияқты. Ахунзада Кабулдағыдай әкімшілік құрып жатыр" дейді Ауғанстанның ардагер журналисі, 1990-жылдардан бері тәліптерді зерттеп келе жатқан сарапшы Сами Юсуфзай.

Кейінгі айларда тәліптердің жоғары шенді шенеуніктері Ахунзаданы "биліктің бәрін өз қолына шоғырландырып, ультраконсерватив, экстремистік көзқарастағы дінбасыларға көп құқық пен мүмкіндік беріп қойды" деп сынаған.

Ахунзаданы репрессив саясаты ауғандар арасында қолдау таппай, халықаралық деңгейде мойындалмаған Талибан үкіметін оқшау мемлекетке айналдырды. Ол әйелдер құқығы мен баспасөз еркіндігін қатаң шектеп, адам құқықтарын бұзды.

Дінбасы әрі бұрынғы судья Ахунзада елдегі барлық маңызды шешімді өзі шығарады.

Талибан лидері Хайбатулла Ахунзаданың суреті бар стикерді ұстап тұрған адам. Кабул, 26 желтоқсан 2021 жыл.

2021 жылы тәліптер билікті басып алғаннан кейін Талибан үкіметін министрлер басқарды. Бірақ кейінгі айларда Ахунзада мемлекет істерін жергілікті деңгейде жүргізуге тырысты.

"Қазір ол аудан басшылары мен әртүрлі ведомство директорларына дейін өзі тағайындайды. Барлық жерге өзіне адал адамдарды қоюға тырысып жатыр" дейді Юсуфзай.

Ақпарат және мәдениет министрлігінің ресми өкілі Абдул Матин Канидің мәліметінше, 6 сәуірде тәліптердің бас өкілі Забихулла Муджахид Кабулдан Қандағарға қоныс аударған.

Жақында Талибан үкіметіндегі тағы бір өкілетті тұлға, Ақпарат және медиа орталығының басшысы Иннамулла Самангани да Қандағарға көшкен.

Қандағар – Ауғанстандағы тарихи маңызы жоғары саяси орталықтардың бірі. 1747 жылы салынған қала біраз уақыт Ауғанстан астанасы болған. 1973 жылы монархия жойылғанға дейін елді басқарған патшалардың көбі Қандағардан шыққан.

Тәліптер 1990-жылдардың ортасында азаматтық соғыс кезінде Қандағарда пайда болды. Талибан қозғалысының негізін қалаушы мулла Мұхамед Омар 1996 жылы Кабул тәліптер қолына өткеннен кейін де Қандағарды іс жүзіндегі астанасы ретінде қалдырды. 2001 жылы Ауғанстанға АҚШ әскері кіріп, тәліптерді биліктен қуып шықты.

Вашинтондағы Бейбітшілік институты сараптама орталығының Ауғанстан бойынша аға сарапшысы Эндрю Уоткинстің айтуынша, Муджахидтің көшуі Ахунзада өз ықпалын күшейтіп жатқанын көрсетеді.

Муджахид Қандағарға көшу себебін тәліптер басшысы өткізетін жиындарға жиі қатысу ниетімен түсіндірді.

"Біздің көшуіміз Ауғанстан астанасы Кабулдан Қандағарға ауысты дегенді білдірмейді" деді Муджахид.

Бірақ сарапшылар пікірі өзгерген жоқ.

"Тәліптердің өз ішінде көбірек билікке қол жеткізгісі келетін топтар бар. Бұл тәліптердің болашағына алаңдауға негіз барын дәлелдейді" дейді Еуропада тұратын ауған саясаттанушысы Тарик Фархади.

Тәліптер басып алған Кабулдың тыныс-тіршілігі

"Талибан" қозғалысының жоғары лауазымды өкілі Абдул Баки Хаккани Кабулдағы Лойя жырға (бүкілауғандық ақсақалдар кеңесі) залына жиналған жұртқа тәліптердің білім саласындағы саясаты туралы айтып жатқан кезде күзетте тұрған қарулы адам. 29 тамыз 2021 жыл.
1/14 "Талибан" қозғалысының жоғары лауазымды өкілі Абдул Баки Хаккани Кабулдағы Лойя жырға (бүкілауғандық ақсақалдар кеңесі) залына жиналған жұртқа тәліптердің білім саласындағы саясаты туралы айтып жатқан кезде күзетте тұрған қарулы адам. 29 тамыз 2021 жыл.
Ауғанстанның көп бөлігі мен ел астанасына билік орнатқан "Талибан" содырлары әйелдердің білім алу мәселесі жөнінде жиын өткізіп, америкалық техника мен қару-жарақты пайдаланып Кабул көшесіне патрульге шығып жүр. Азаттық Кабулдың бүгінгі тыны-тіршілігі жайлы фотогалерея ұсынады.
Жиында Хаккани (мінберде) тәліптер ауған қыздарының университетте оқуына рұқсат беретінін, бірақ ер балалармен бір топта бірге оқуға тыйым салатынын мәлімдеді.
2/14 Жиында Хаккани (мінберде) тәліптер ауған қыздарының университетте оқуына рұқсат беретінін, бірақ ер балалармен бір топта бірге оқуға тыйым салатынын мәлімдеді.
Ауғанстанның көп бөлігі мен ел астанасына билік орнатқан "Талибан" содырлары әйелдердің білім алу мәселесі жөнінде жиын өткізіп, америкалық техника мен қару-жарақты пайдаланып Кабул көшесіне патрульге шығып жүр. Азаттық Кабулдың бүгінгі тыны-тіршілігі жайлы фотогалерея ұсынады.
Жүзін жасыратын киім (бурка) киіп, Кабул көшесінде кетіп бара жатқан әйелге сөйлеп тұрған қару асынған "Талибан" содыры. 27 тамыз 2021 жыл.

Азаттық мессенджер арқылы хабарласқан Кабулда тұратын әйел (аты-жөнін атамауды өтінді) ел астанасында жұрт әрі-сәрі жағдайда тұрып жатқанын, тәліптер билігі қалай болатынын ешкім білмейтінін айтады. "Тәліптер өкілі өздерінің бұрынғыдан өзгергенін айтады, ал бірақ көшеде қарумен тұрған қатардағы тәліптер дөрекі көрінеді" деп жазды ол.
3/14 Жүзін жасыратын киім (бурка) киіп, Кабул көшесінде кетіп бара жатқан әйелге сөйлеп тұрған қару асынған "Талибан" содыры. 27 тамыз 2021 жыл.

Азаттық мессенджер арқылы хабарласқан Кабулда тұратын әйел (аты-жөнін атамауды өтінді) ел астанасында жұрт әрі-сәрі жағдайда тұрып жатқанын, тәліптер билігі қалай болатынын ешкім білмейтінін айтады. "Тәліптер өкілі өздерінің бұрынғыдан өзгергенін айтады, ал бірақ көшеде қарумен тұрған қатардағы тәліптер дөрекі көрінеді" деп жазды ол.
Ауғанстанның көп бөлігі мен ел астанасына билік орнатқан "Талибан" содырлары әйелдердің білім алу мәселесі жөнінде жиын өткізіп, америкалық техника мен қару-жарақты пайдаланып Кабул көшесіне патрульге шығып жүр. Азаттық Кабулдың бүгінгі тыны-тіршілігі жайлы фотогалерея ұсынады.
Америкалық қару ұстап, әскери киім киген "Талибан" содырлары Кабул көшесінде тұр. 29 тамыз 2021 жыл.
4/14 Америкалық қару ұстап, әскери киім киген "Талибан" содырлары Кабул көшесінде тұр. 29 тамыз 2021 жыл.
Ауғанстанның көп бөлігі мен ел астанасына билік орнатқан "Талибан" содырлары әйелдердің білім алу мәселесі жөнінде жиын өткізіп, америкалық техника мен қару-жарақты пайдаланып Кабул көшесіне патрульге шығып жүр. Азаттық Кабулдың бүгінгі тыны-тіршілігі жайлы фотогалерея ұсынады.
Кабул көшесінде қалған америкалық беренді техника. 29 тамыз 2021 жыл.

АҚШ әскері Ауғанстанда миллиардтаған доллардың техникасын қалдырды. Олардың көбін Ауғанстан ұлттық армиясына тапсырған еді, бірақ қазір бұл қару-жарақ тәліптердің қолында.
5/14 Кабул көшесінде қалған америкалық беренді техника. 29 тамыз 2021 жыл.

АҚШ әскері Ауғанстанда миллиардтаған доллардың техникасын қалдырды. Олардың көбін Ауғанстан ұлттық армиясына тапсырған еді, бірақ қазір бұл қару-жарақ тәліптердің қолында.
Ауғанстанның көп бөлігі мен ел астанасына билік орнатқан "Талибан" содырлары әйелдердің білім алу мәселесі жөнінде жиын өткізіп, америкалық техника мен қару-жарақты пайдаланып Кабул көшесіне патрульге шығып жүр. Азаттық Кабулдың бүгінгі тыны-тіршілігі жайлы фотогалерея ұсынады.
Қауіп төнгеніне қарамастан, кейбір мектептер қайта ашылып, жұмысын жалғастырды. Кабулда 30 тамызда түсірілген мына суреттегі оқушылар мен ұстазы сыныпқа сабақ оқуға бара жатыр.
6/14 Қауіп төнгеніне қарамастан, кейбір мектептер қайта ашылып, жұмысын жалғастырды. Кабулда 30 тамызда түсірілген мына суреттегі оқушылар мен ұстазы сыныпқа сабақ оқуға бара жатыр.
Ауғанстанның көп бөлігі мен ел астанасына билік орнатқан "Талибан" содырлары әйелдердің білім алу мәселесі жөнінде жиын өткізіп, америкалық техника мен қару-жарақты пайдаланып Кабул көшесіне патрульге шығып жүр. Азаттық Кабулдың бүгінгі тыны-тіршілігі жайлы фотогалерея ұсынады.
27 тамызда Кабул әуежайынан ұшып бара жатқан әскери ұшақ.

АҚШ өз әскері мен өзге де адамдарды Ауғанстаннан эвакуациялауды 2021 жылы 30 тамыз күні аяқтады.
7/14 27 тамызда Кабул әуежайынан ұшып бара жатқан әскери ұшақ.

АҚШ өз әскері мен өзге де адамдарды Ауғанстаннан эвакуациялауды 2021 жылы 30 тамыз күні аяқтады.
Ауғанстанның көп бөлігі мен ел астанасына билік орнатқан "Талибан" содырлары әйелдердің білім алу мәселесі жөнінде жиын өткізіп, америкалық техника мен қару-жарақты пайдаланып Кабул көшесіне патрульге шығып жүр. Азаттық Кабулдың бүгінгі тыны-тіршілігі жайлы фотогалерея ұсынады.
Кабулдағы жабық тұрған банк бөлімшесінің алдында тұрған адамдар.

Тәліптер Кабулға кіріп, билікті басып алғаннан кейін үкімет мекемелері, мектептер мен университеттердің көбі жұмысын тоқтатқан. Қала базарында азық-түлік бағасы шарықтап кетті, ал жұрт банкоматтардан қолма-қол ақша ала алмай, әуре-сарсаңға түсті.
8/14 Кабулдағы жабық тұрған банк бөлімшесінің алдында тұрған адамдар.

Тәліптер Кабулға кіріп, билікті басып алғаннан кейін үкімет мекемелері, мектептер мен университеттердің көбі жұмысын тоқтатқан. Қала базарында азық-түлік бағасы шарықтап кетті, ал жұрт банкоматтардан қолма-қол ақша ала алмай, әуре-сарсаңға түсті.
Ауғанстанның көп бөлігі мен ел астанасына билік орнатқан "Талибан" содырлары әйелдердің білім алу мәселесі жөнінде жиын өткізіп, америкалық техника мен қару-жарақты пайдаланып Кабул көшесіне патрульге шығып жүр. Азаттық Кабулдың бүгінгі тыны-тіршілігі жайлы фотогалерея ұсынады.
Кабул базарында жүрген әйелдер жүзін жасыратын киім (бурка) киіп алған. Бұрын тәліптер билікте болғанда әйел адамға киіп жүруді міндеттеген мұндай киімге сұраныс кейінгі кезде күрт артқан.
9/14 Кабул базарында жүрген әйелдер жүзін жасыратын киім (бурка) киіп алған. Бұрын тәліптер билікте болғанда әйел адамға киіп жүруді міндеттеген мұндай киімге сұраныс кейінгі кезде күрт артқан.
Ауғанстанның көп бөлігі мен ел астанасына билік орнатқан "Талибан" содырлары әйелдердің білім алу мәселесі жөнінде жиын өткізіп, америкалық техника мен қару-жарақты пайдаланып Кабул көшесіне патрульге шығып жүр. Азаттық Кабулдың бүгінгі тыны-тіршілігі жайлы фотогалерея ұсынады.
Кабулға елдің басқа өңірлерінен келген ауған отбасылары саябақта осындай тірлік кешіп жатыр. 18 тамыз 2021 жыл. "Талибан" халықтан мемлекеттік мүліктің бәрін, соның ішінде қару-жарақты да өткізуді талап еткен.
10/14 Кабулға елдің басқа өңірлерінен келген ауған отбасылары саябақта осындай тірлік кешіп жатыр. 18 тамыз 2021 жыл. "Талибан" халықтан мемлекеттік мүліктің бәрін, соның ішінде қару-жарақты да өткізуді талап еткен.
Ауғанстанның көп бөлігі мен ел астанасына билік орнатқан "Талибан" содырлары әйелдердің білім алу мәселесі жөнінде жиын өткізіп, америкалық техника мен қару-жарақты пайдаланып Кабул көшесіне патрульге шығып жүр. Азаттық Кабулдың бүгінгі тыны-тіршілігі жайлы фотогалерея ұсынады.
"Талибан" туы мен қозғалыс жетекшілерінің суреті бар плакаттарды сатып тұрған адам. Кабул, 27 тамыз 2021 жыл.
11/14 "Талибан" туы мен қозғалыс жетекшілерінің суреті бар плакаттарды сатып тұрған адам. Кабул, 27 тамыз 2021 жыл.
Ауғанстанның көп бөлігі мен ел астанасына билік орнатқан "Талибан" содырлары әйелдердің білім алу мәселесі жөнінде жиын өткізіп, америкалық техника мен қару-жарақты пайдаланып Кабул көшесіне патрульге шығып жүр. Азаттық Кабулдың бүгінгі тыны-тіршілігі жайлы фотогалерея ұсынады.
Америкалық Humvee әскери көлігін мініп жүрген "Талибан" содырлары Кабул орталығын күзетіп тұр. 28 тамыз 2021 жыл.
12/14 Америкалық Humvee әскери көлігін мініп жүрген "Талибан" содырлары Кабул орталығын күзетіп тұр. 28 тамыз 2021 жыл.
Ауғанстанның көп бөлігі мен ел астанасына билік орнатқан "Талибан" содырлары әйелдердің білім алу мәселесі жөнінде жиын өткізіп, америкалық техника мен қару-жарақты пайдаланып Кабул көшесіне патрульге шығып жүр. Азаттық Кабулдың бүгінгі тыны-тіршілігі жайлы фотогалерея ұсынады.
Америкалық қару ұстап, арнайы әскери киім киген "Талибан" содырлары Кабул көшесін күзетіп тұр. 29 тамыз 2021 жыл.
13/14 Америкалық қару ұстап, арнайы әскери киім киген "Талибан" содырлары Кабул көшесін күзетіп тұр. 29 тамыз 2021 жыл.
Ауғанстанның көп бөлігі мен ел астанасына билік орнатқан "Талибан" содырлары әйелдердің білім алу мәселесі жөнінде жиын өткізіп, америкалық техника мен қару-жарақты пайдаланып Кабул көшесіне патрульге шығып жүр. Азаттық Кабулдың бүгінгі тыны-тіршілігі жайлы фотогалерея ұсынады.
Кабулдың орталығындағы базарда нан сатып жүрген ер адам. 28 тамыз 2021 жыл.
14/14 Кабулдың орталығындағы базарда нан сатып жүрген ер адам. 28 тамыз 2021 жыл.
Ауғанстанның көп бөлігі мен ел астанасына билік орнатқан "Талибан" содырлары әйелдердің білім алу мәселесі жөнінде жиын өткізіп, америкалық техника мен қару-жарақты пайдаланып Кабул көшесіне патрульге шығып жүр. Азаттық Кабулдың бүгінгі тыны-тіршілігі жайлы фотогалерея ұсынады.
Previous slide
Next slide

Айдар
XS
SM
MD
LG