1916 жыл туралы фильм

Сценарий бойынша, осы шатқалда патшалық Ресейдің жазалаушы әскері қырғыз көтерілісшілерін қоршап, қырып жіберген.  

Фильмді түсірушілер жұмысы. 

1916 жылы 25 маусым күні Ресей патшасы Николай II «Реквизиция туралы» жарлық шығарды, Бұл ОА-дағы ірі көтеріліске түрткі болды. 

Қыс кезінде болған оқиғаларды түсіріп болған соң, фильм жалғасы Қытайда түсірілмек. Патша әскері тықсырған көтерілісшілердің аман қалғандары Қытайдың Шыңжаң аймағына өтуге мәжбүр болған еді.  

Режиссер Мұхтар Атаналиевтің сөзіне қарағанда, Қытайдағы оқиғаларды түсіруге сол елден рұқсат алу келіссөздері әлі жүріп жатыр.  

100 жыл бұрын болған наразылық кей жерлерде Ресейдің отарлау саясатына қарсы қарулы көтеріліске ұласқан.  

1916 жылғы үркіншілікте Қытайға қарай қашқан көтерілісшілердің сүйектері кей тау шатқалдарында әлі шашылып жатыр.  

Тарихшылар 1916 жылғы көтерілістің ұлт-азаттық сипаты болғанын айтады. 

2015 жылы мамыр айында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 1916 жылғы көтеріліс құрбандарын мәңгі есте сақтау жөнінде жарлық шығарды.  

Атамбаевтың жарлығында "1916 жылғы оқиғаларға әділ баға беру қажеттігі" туралы айтылған.  

Фильм сценариін автор бір жыл жазған, ал оның түсіріле бастағанына бірнеше ай ғана болды.  

Фильм 2016 жылы қыркүйек айында түсіріліп бітеді деген жоспар бар.