Шәкерім Құдайбердіұлы және мұрасы

Ақын, философ, тарихшы һәм композитор Шәкерім Құдайбердіұлы (1858 - 1931)

Шәкерім Құдайбердіұлы дүниеге келген Кеңқоныс. Қазіргі Абай облысы Абай ауданы.

Шәкерім қажы өмірінің аяғына қарай мекен еткен Саят қораның жұрты. Абай ауданы. 3 қазан, 2011 жыл.

Чекист Абзал Қарасартов бастаған топ тергеусіз, сотсыз атып өлтірген Шәкерім қажы Құдайбердіұлының сүйегі 30 жыл жатқан құр құдыққа қойылған құлыптас. 3 қазан, 2011 жыл.

Ахат Шәкерімұлы Құдайбердиев (1900 - 1984). Семей облысы Абай ауданы. Жергілікті фотограф Сабыржан Құсайыновтың жеке архивіндегі фото.

Шәкерім Құдайбердіұлы шығармаларының 1960 жылдарғы қолжазбалары және Ахат Құдайбердіұлының әкесі жайлы естелігі. Қолжазбалар Семей қаласының тұрғыны Аманғазы Смағұловтың жеке қорынан алынды.

Шәкерім Құдайбердіұлы 1958 жылы ақталғаннан кейін "Қазақ әдебиеті" газетінің 1959 жылғы 9 қаңтардағы санында жарияланған суреті мен бір топ өлеңі.

Азаттық радиосының 1973 жылғы 27 қаңтар күнгі Шәкерім туралы хабарының жазбаша нұсқасы. Хасен Оралтайдың жеке қорынан.

Азаттық радиосының 1973 жылғы 27 қаңтардағы Шәкерім шығармалары туралы хабарының жазбасы.

"1896 жылы құдық қаздым. Мен Шаһкарим". 1997 жылға дейін Шыңғыстауда жатқан артефакт — "Шәкерім тасы". Қазір Алматыдағы Мұхтар Әуезов музейінің экспонаты.

Өлкетанушы Серікқазы Шабданов “Шәкерім тасының” Шыңғыстауда жатқан жерін көрсетіп тұр. Үстінен ретушь жасалған фото. Жылы белгісіз.

Қазақ ақын-жазушылары мен Ахат Шәкерімұлы (оң жақта) Семейдегі Абай мұражайының алдында тұр (жылы белгісіз).

Ахат Шәкерімұлы (ортада) және "Абай" совхозының директоры Санақбек Қасымжанов (оң жақта) Жидебайдағы Абай мұражайы алдында тұр. Бұрынғы Семей облысы Абай ауданы. Сабыржан Құсайыновтың жеке архивіндегі фото.

Шәкерім Құдайбердіұлының 1988 жылғы 15 сәуірде "Социалистік Қазақстан" газетінде жарияланған суреті мен өлеңдері.

Шәкерім қажы өмірінің аяғына қарай мекен еткен Саят қораның қалдығы. Өлкетанушылар Серікқазы Шабданов (сол жақтан), Сәкен Төлеуханов және журналист Қуанышбек Қари. Семей облысы Абай ауданы, 1994 жылғы тамыз айы. Фото авторы – Сәкен Жүсіпов.

Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Жидебайда тұрғызылған Абай мен Шәкерім кесенесі қазақ халқы үшін киелі орын саналады. Абай ауданы, 2020 жылы түсірілген сурет.

Семей қаласының орталық саябағындағы Шәкерім ескерткіші. Абай облысы, 2 тамыз, 2023 жыл.

1931 жылғы 2 қазанда совет билігі тергеусіз, сотсыз өз мекенінде атып өлтірген Шәкерім қажы Құдайбердіұлы 1958 жылы ақталғанымен, тағы 30 жыл бойы оның есімін айтқызбай, әдеби мұрасын жариялатпай қойды. Советтік Қазақстанда оның шығармалары қолжазба түрінде тараған. Тек 1988 жылы ақын шығармашылығы саяси бұғаудан біржола босатылды.