Қарауылдағы Абай тойы

Тойға жиналғандар алдымен Абайдың Жидебайдағы кесенесіне барып, ақынға құран бағыштады.

Ақынның туған жері Жидебайдағы шараға қатысуға келген облыс әкімі Даниял Ахметов (оң жақтан үшінші) Абай музейінің алдында тұр. 

Бұдан кейінгі шара Абай ауданының орталығы Қарауылда жалғасты. Бүгін мұнда Мамай батыр ескерткіші ашылды. Мамай батыр – 18-ғасырда өмір сүрген, қазақ жерін жоңғарлардан азат етуге қатысқан батырлардың бірі.

Қарауылдағы Абайдың 170 жылдық тойына қатысуға келген қонақтар.

Ауыл жанындағы Қарауыл төбе баурайына тігілген киіз үй қалашығы мен дала сахнасы. Совет заманында бұл жерде шопандар слеті өтетін. Бүгінгі Абай тойында да сол кезден қалған дәстүрдің сақталғаны байқалды.

Киіз үй қалашығында көтерілген шаңды басу үшін арнайы техниканың той күні су шашып жүруіне тура келді.

Мерекелік көрініс үшін арнайы жабдықталып әкелінген түйе.

Қалыңдық көшін бейнелеген көріністен кейін түйені шөктіріп тұрған адамдар.

Мерекелік көріністе жаугершілік замандағы ту ұстаушыны бейнелеген салт атты адам.

Жорға жарысы. 15 шақырымдық бәйге мен 25 шақырымдық аламан-бәйге күн ыстықтығына байланысты түс ауа өткізілетін болды.

Бәйгеге бапталған атты көз тимеу үшін жарыс алдында осылай жабынмен жауып қоятындар да бар.

Ат жетектеген кейбір адамдардың от алмаған көлікті итеріп қолғабыс етуіне тура келген сәті.

Қарауыл төбе бауырында бұл жерде 1989 жылы "Семей-Невада" қозғалысының да жиыны өтіп, ядролық сынақ құрбандарына ескерткіш тұрғызылатыны айтылған. Бірақ, қазір сынақ құрбандарына арналған ескерткіш туралы мәселе ұмытылған. Тек мына белгі ғана сол кездегі белсенділікті еске салып тұр. 

Абай тойында Қарауылда балуандар жарысы да өтті.

Қарауылдағы аудандық мәдениет үйінде өткен республикалық ақындар айтысы.

Ақындар айтысындағы қазылар алқасы (алдыңғы қатарда отыр). Ауыл тұрғындары мен қонақтардың айтысқа жұрт ықыласы қатты болып, залға сыймаған көрермендерге түрегеп тұруға тура келген.