Алматыдағы Ораза айт намазы. Азаттық фоторепортажы

Алматы орталық мешітінің ауласында Ораза айт намазын оқып жатқан адам.

Мерекелік айт намаз таңертеңгі сағат 6:30-да басталды. Бірақ адамдар орын алу үшін мешітке алдын ала келіп алды.

Алматының орталық мешітінде оқылған айт намазға қатысуға келіп, мешітке сыймай қалған адамдар мешіт ауласында тұрып Аллаға мінәжат қылды.

Ораза айт намазын Алматының орталық мешіті ауласында оқып жатқан жамағат.

Алматының орталық мешітінің қасында тұрған адамдар мен полиция көлігі. Полиция мерекелік намазға қатысуға келген адамдардың тәртіп сақтап, жол ережесін бұзбауын қадағалады.

Мешітке адам көп келгендіктен, жақын маңда көше бойында тұрған бағдаршамдар өшіріліп, жолдағы көлік қозғалысын полиция реттеп тұрды.

Алматының орталық мешітіне Ораза айт намазына жиналған адамның көптігі сонша, мешіттің іші-сыртында ине шаншар жер болмады. Жамағаттың кейбірі мешіттің алдындағы жаяу кісі жүретін жолдың үстінде тұрып намаз оқыды.

Орталық мешіттегі Ораза айт намазына Қазақстанға Сауд Арабиясы, Малайзия, Пәкістан, Бангладеш және АҚШ-тан келген шетелдік азаматтар да қатысты.

Мешіт ауласында жайнамаз жайып, намаз оқып жатқан жамағат.

Ораза айт намазы оқылып жатқан кезде Орталық мешіттің қасынан қоларба сүйреп өтіп бара жатқан егде әйел.

Орталық мешіттің маңында жайнамаз бен басқа да заттар сатып отырған саудагер намаз оқылып жатқан кезде қол жайып, дұға қылып отыр.

Жайнамаз алып, орталық мешітке Ораза айт намазына қатысуға келген адам.

Орталық мешіттегі Ораза айт намазына келген адамдар.