Қаныш Сәтбаевтың Сталиндік сыйлық алған сәті

Your browser doesn’t support HTML5

Сәуірдің 12-сі Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толды. Видеода СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалы төрағасының орынбасары Қаныш Сәтбаевқа 1941 жылы жарияланған «Жезқазған ауданының руда шығатын жерлері» деген еңбегі үшін Сталиндік сыйлық берілгені айтылады. Сәтбаевтың Қазақ ССР Геология институтының директоры ретінде сөйлеген сөзі берілген. Ол бұл қызметті 1941-52 жылдары атқарған. Қаныш Сәтбаев - Қазақ ССР Ғылым академиясын ұйымдастырушы, тұңғыш президенті, Совет Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы. (Видео ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінен алынған).
Сәуірдің 12-сі Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толды.