"Ұлы Дала рухы" фестивалі қалай өтті?

Жамбы ату сайысына қатысушы бозбала садақ ұстап, ат үстінде отыр. Астана, 13 қыркүйек 2018 жыл.

Жамбы ату сайысында да Түркістан облысының командасы үздік шықты. Астана, 13 қыркүйек 2018 жыл.

Жамбы ату сайысына қатысушы жігіт ат үстіне шауып келе жатып, садақпен нысананы көздеп атып жатыр. Астана, 13 қыркүйек 2018 жыл.

Аударыспақтан өткен жарыста Ақмола облысының командасы жеңімпаз атанды. Астана, 13 қыркүйек 2018 жыл.

"Қазанат" ипподромында ұлттық ойын түрлерінен өтіп жатқан жарысты тамашалап отырған көрермендер. Астана, 16 қыркүйек 2018 жыл.

Көкпар сайысына қатысушылар. Астаны, 15 қыркүйек 2018 жыл.

Көкпар тартудан бірінші орынды Жамбыл облысының командасы жеңіп алды. Маңғыстаулық көкпаршылар екінші орынды, Алматы облысының спортшылары – үшінші орынды иеленді. Астана, 16 қыркүйек 2018 жыл.

Фестиваль бағдарламасында 25 шақырымға аламан және 16 шақырымға бәйге жарыстары өтті. Астана, "Қазанат" ипподромы, 16 қыркүйек 2018 жыл.

Бәйгеге қатысушы жас шабандоз. Астана, 16 қыркүйек 2018 жыл.

Ұлттық спорт түрлерінің жалпы жүлде қоры 27 миллион теңгені құрады. «Ұлы Дала рухы» фестивалін ұйымдастырған Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі бұл енді дәстүрлі жарысқа айналады деп хабарлады. Астана, 16 қыркүйек 2018 жыл.

Аламан бәйгеде Ақмола облысының сәйгүлігін мінген шабандоз мәреге бірінші боп келді. Астана, 16 қыркүйек 2018 жыл.

Бәйгенің соңғы айналымында. Астана, 16 қыркүйек 2018 жыл.

Көкпардан шешуші ойынға түсуге дайындалып тұрған спортшылар. Астана, 16 қыркүйек 2018 жыл.

"Ұлы Дала рухы" фестивалінің финалдық ойындары Астанадағы "Қазанат" ипподромы мен "Дәулет" спорт сарайында өтті. 12 қыркүйек 2018 жыл.

Жарыс бағдарламасындағы тоғызқұмалақ пен асық ату жарыстары "Дәулет" спорт сарайында ұйымдастырылды. Астана, 12 қыркүйек 2018 жыл.

Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарының командалары қазақ күресінен жарыс басталар алдында бір-бірімен төс қағыстырып амандасты. Астана, 12 қыркүйек 2018 жыл.

Қазақ күресінен жартылай финал мен финалда кілемге аймақтық іріктеу жарыстарында жеңімпаз атанған балуандар шықты. Астана, 12 қыркүйек 2018 жыл.

Қазақ күресінен жарыс қорытындысында Түркістан облысының командасы бірінші орынды иеленді. Астана, 12 қыркүйек 2018 жыл.

Қыркүйектің 12-і мен 16-сы аралығында Астанада ұлттық спорт түрлерінен "Ұлы Дала рухы" республикалық фестивалінің финалдық кезеңі өтті.